ЖАҢА КАМПУСТА АЛҒАШҚЫ САЛТАНАТТЫ ШАРАСЫ ӨТТІ

Енгізілді: 23.12.2019Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 1933 рет

Үстіміздегі жылдың 10 желтоқсан күні «Болашақ» университетінің жаңа кампустың амфитеатырында 16 желтоқсан-ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне орай  «ТӘУЕЛСІЗДІК ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМІЗ!» атты алғашқы салтанатты концерттік бағдарлама өтті.

Салтанатты жиында «Болашақ» университетінің ғылыми жетекшісі, экономика ғылымдарының докторы,  Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі Досманбетов Бақберген Сәрсенұлы,  Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Наурызбай Сейтқалиұлы Байқадамов, Қызылорда облыстық маслихатының  хатшысы Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы, Nur Otan" партиясы Қызылорда облыстық филиалының саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Жарылқасынов Алтынбек Шәкімаұлыжәне «Болашақ» университетінің ректоры,  техника ғылымдарының кандидаты Дауренбеков Қуаныш Қойшығұлұлы сөз сөйлейді.  Сонымен қатар, арнайы мерекеге орай «Nur Otan» партиясының Алғыс Хаттарымен және университет ректорының Алғыс хаттарымен бірқатар профессор-оқытушылар және қызметкерлер марапатталады. Шара барысында концерттік бағадарлама қойылып және ұстаздарды құттықтау үшін  арнайы қонақ ретінде университет түлегі, мақтанышы және көптеген республикалық, облыстық байқауларының жеңімпазы, "Жаңғыру жолы" жастар қозғалысының белсендісі  Луца Константин шақыртылды.