«Ел сенімі -бүгінгі жастар!» атты облыстық пікірсайыс турнирі өтті

Енгізілді: 11.02.2019Өзгертілді: 23.02.2019Қаралғаны: 1983 рет

10.02.2019 жылы «Болашақ» университеті «Ойдария» пікірсайыс клубының құрылғанына 7 жыл толуы және Жастар жылына орай ұйымдастырылған «Ел сенімі -бүгінгі жастар!» атты облыстық пікірсайыс турнирі өтті. Турнирге қаламыздың барлық дерлік жоғарғы оқу және орта арнаулы оқу орындарының білім алушылары мен мектеп оқушылары қатысып өз бақтарын сынады. Сайыс барысында І орынды Әли Мүсілімұлы атындағы №101 мектеп - лицейінің 11 сынып оқушылары Серікбай Айдын мен Қалиханова Гүлай (Алашорда фракциясы) , ІІ орын «Өркениет» медициналық колледжінің 2 курс студенттері Нұрлан Ақжан мен Бақыт Нұрай( Заман біздікі фракциясы ), ІІІ орынды «Болашақ» университетінің 1 курс студенттері Досекеева Жанармен Ибрагим Мейіржан (Грант фракциясы ) иемденді. Ойынға төрешілік еткен - Нұрқанат Олжас. «Үздік төреші» номинациясымен Қарекеев Али - Азат , «Үздік спикер» номинациясымен Данияр Ғалымжан марапатталды. Турнирдің финалдық ойынында «Болашақ» университетінің ректоры, т.ғ.к. профессор Қуаныш Дауренбеков және «Қызылорда – Ақиқат Айнасы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Уалихан Тұрарбекұлы төрелік етті.