«Тәуелсіздік белесі – ұлы дала кемесі»

Енгізілді: 11.02.2019Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 2042 рет

«Филология және журналистика» кафедрасының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік белесі – ұлы дала кемесі» атты мәдени шара өтті. Мәдени шараның мақсаты- Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу.Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстыру.
    «Болашақ» университетінің ректоры м.а., э.ғ.к., доцент Рысмаханова ГүлмираЖұмабекқызы кештің шымылдығын ашып, құттықтау сөз сөйлеп,университетпрофессор-оқытушылар құрамын алғыс хаттармен марапаттады.
    Студенттер көріністер қойып, өлең оқып, ән айтып, мерекелік кешті жоғары деңгейде өткізді.