ПСИХОЛОГ СЫМБАТ АБДРАХМАНОВАМЕН КЕЗДЕСУ

Енгізілді: 09.01.2020Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 1932 рет

6 қарашада "Болашақ" университетінде "Педагогика, дефектология" кафедрасының ұйымдастыруымен қаламыздың белгілі психологы, халықаралық сарапшы (UNICEF), "BILIM FOUNDATION" қоғамдық қорының жетекшісі, "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпазы Сымбат Абдрахмановамен кездесу өтті. Кездесу барысында Сымбат ханым болашақ психологтармен өз тәжірибесімен бөлісті, осы мамандықтың маңыздылығы және қажеттілігі туралы көп ақпарат берді. Қазіргі таңда, облысымыздағы жалпы психология саласы қалай дамып келе жатқанын, қандай жобалар іске асырылып жатыр және осы жұмыстар барысында қандай қызықты оқиғалар және қиыншылықтар кездескені туралы айтып өтті. Кездесу мақсаты- болашақ психологтардың таңдаған мамандықтарына деген сүйіспеншіліктерін, қызығушылықтарын арттыру және үлкен жауапкершілікпен қарауға бағыттау. Студенттер қонағымызға сұрақтар қойып, кездесу жақсы пікір-таласқа ұласты. Кездесу соңында Сымбат Нұртазақызымен алдағы уақытта бірлескен жұмыстарды жүргізуге шешім қабылданды.