Әлемге танылған-тәуелсіз Қазақстан

Енгізілді: 13.12.2018Өзгертілді: 23.02.2019Қаралғаны: 1979 рет

13 желтоқсан 2018 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне «Болашақ» университеті кітапханасының оқу залында КЯ-18 оқу тобы студенттері мен кітапханашылар ұйымдастырған «Әлемге танылған-тәуелсіз Қазақстан» атты әдеби кешке университеттің оқытушылары мен студенттері қатысты. Кеш Қазақстан Республикасының әнұранымен басталып, КЯ-18 оқу тобының студенттері іс-шараның бағдарламасы бойынша Жаңбыров Рахат, Мырзахан Ғасырхан, Нұрсейіт Ас Әлемге танылған-тәуелсіз Қазақстан ылжан, Мақпал Мейрамбек сол оқиғаға байланысты көрініс қойып, Ибрагимов Мейіржан және Жұмабекова Аружан өз шығармашылықтарындағы «Тәуелсіздік», «Жаса мәңгі Қазақстан» атты өлеңдерін оқыды. Іс-шараның мақсаты бүгінгі жастардың өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу болып табылады. Кітапхана қызметкерлері іс-шараға арнап жасалған Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы», «Тәуелсіздік дәуірі», «Мәңгілік ел», Қуаныш Сұлтановтың «Елбасы және қазақ мемлекеттігі» және желтоқсан оқиғаларына байланысты кітап көрмесімен таныстырды.