«БОЛАШАҚ» БІЛІМ ОРДАСЫНДА ЕРІКТІЛЕР ЖЫЛЫ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ

Енгізілді: 02.02.2020Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 1999 рет

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2020 жыл Волонтер жылы болып жарияланды. Осыған орай, 2020 ж. 1 ақпан күні  «Болашақ» университетінің Амфитеатрында Волонтерлар жылының салтанатты түрде ашылуына байланысты «Біз Біргеміз!» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Шараға «Болашақ» университетіне қарасты жоғары колледж және жоғары медициналық колледжінің жастары қатысты.      

Шараның мақсаты - жастар арасында волонтерлік қозғалысты дамыту және насихаттау, волонтерлік туралы кең мағлұмат беру, ерікті қызметке жастарды тарта отырып, белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру. Қештің арнайы қоңақтары – Қызылорда облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қуаныш Қуантқанұлы Жанұзақов және облыстық еріктілер штабының және «Волотеры Кызылорды» қоғамдық қорының  жетекшісі Ольга Чебакова.

Университет ректоры Қуаншы Дауренбеков өзінің алғы сөзінде жастарды Волонтерлар жылының басталуымен құттықтап, осы жыл еншісінде Абайдың 175, Әл-Фарабидің 1150, Ұлы Жеңістің 75 жылдығы аталып өтілетіндігіне де ерекше мән берді.

         Айта кету керек, «Болашақ» университетінде «Мейірім» еріктілер клубы жұмыс жасауда. Клубтың мақсаты - жастар арасында волонтерлік қозғалысты дамыту және насихаттау, мұқтаж жандарға көмек қолын созуға ықпал жасау және т.б. Клубқа 80 жуық ерікті жас тіркелген. Барлығы республикалық «Студенттік әлеуметтік кредит»  жобасына қатысып, өз жұмыстарын белсенді орындауда.

Жастар кеші көңілді ән мен биге ұласты. Кеш соңында, жүргізушілер Келжанов Сұлтанбек және Досмағамбет Аружан  барлық  жастарды еріктілер тобының белсенді мүшесі болуға шақырды.