РЕКТОРДЫҢ ҮНДЕУІ

Енгізілді: 02.02.2020Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 2011 рет

«Болашақ» университеті қаламыздың сол жағалауында еңселі, заманауи үлгіде бой көтерген өңіріміздің алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орны.

Білім мен ғылым саласының дамуының негізгі басты бағыты – оның сапасы мен қолжетімділігі. Осы тұрғыда ширек ғасырға жуық тарихы бар Қызылорда «Болашақ» университеті жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту, бәсекеге қабілетті ортаны қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар атқаруда.

Бүгінгі күні «Болашақ» университеті Қызылорда қаласының сол жағалауында заман талаптарына сай жабдықталған жаңа Кампуста оқу-тәрбие жұмысын жүргізіп жатыр.

Болашақ университетінің 1995 жылы негізі қаланған. 2020 жылы университеттің 25 жылдық мерейтойы тойлану жоспарлануда. Бүгінгі таңда университет жанында «Болашақ» жоғары колледжі және «Болашақ» жоғары медициналық колледжі де жұмыс жасайды. Университет және жоғары колледждер институционалды және мамандандырылған аккредитациялардан өткен. Университет құрамында 2 жоғары мектеп, 8 кафедра қызмет атқарады және  қазіргі таңда 42 бакалавриат және 6 магистратура білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлауда.

Студенттерімізді бәсекеге қабілетті маман болып қалыптастыруда барлық мүмкіншіліктер қарастырылған. Биылғы оқу жылында университетке 50 мемлекеттік грант иегері, 19 облыс әкімі гранты иегерлері атанып отыр. Биылғы оқу жылында «Болашақ» жоғары колледжіне 175 білім алушы грант негізінде оқуға қабылданса,  120 оқушы ақылы негізде оқуға түсті.

         Ал, жоғары медициналық колледжіне 75 білім алушы тегін білім алуға мүмкіндік алса, 310 оқушы ақылы негізде оқуға қабылданды.

Біз, тәжірибе жүргізу мен білімгерлермен алмасуда және заманауи халықаралық білім бағдарламаларын жүзеге асыруда әлемнің жетекші халықаралық жоғарғы оқу орнымен ынтымақтастық орнаттық.

Былтырғы оқу жылы университетіміз үшін толағай табыстарға қол жеткізген кезең деп айтсақ артық емес. Студенттеріміз Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Дефектология» мамандығы бойынша өткізілген ХI Республикалық студенттік пәндік олимпиадасында жоғары нәтижеге қол жеткізіп, жүлделі орынға иемденді. Университет Оксфорд бизнес колледжімен меморандумға қол қойып, тілдік мамандар даярлауда сол шетелдік білім бағдарламаларын бірге пайдалану жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар университетіміз жыл қорытындысы бойынша 2019 жылғы қаржы-шаруашылық саралау нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының кәсіпорындары арасында  «Сала көшбасшысы 2019» номинациясында Қазақстан Республикасының кәсіпорындары арасындағы рейтингі бойынша үздік ондыққа енді.

Сіздерді университетімізге шақырамыз! «Болашақ» университетіне қош келдіңіздер!

 

 

Құрметпен «Болашақ» университетінің ректоры,

техника ғылымдарының кандидаты Қуаныш Дауренбеков