"БОЛАШАҚ" УНИВЕРСИТЕТІ- "САЛА КӨШБАСШЫСЫ 2019" МАРАПАТЫНА ИЕ БОЛДЫ!

Енгізілді: 02.02.2020Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 1944 рет

      «Болашақ» университетіне мемлекеттік бюджетке елеулі үлесі мен қызметтің жоғары қаржылық нәтижелері үшін "Сала көшбасшысы" марапаты берілді.
Ұлттық бизнес-рейтинг Қазақстандағы кәсіпорындардың жұмысын алтыншы жыл талдау жұмыстарымен қатар салалық рейтингтер бойынша жоғары орындарға ие кәсіпорындарды марапаттаумен айналысады. Мұндай компаниялар қаржы саласында тұрақтылық көрсеткен, адал кәсіпорындар ғана емес, бұған қоса еліміздің экономикасы мен өз салаларындағы дамудың нағыз драйверлері болып табылады.

«Болашақ» университеті ұжымын үлкен жетістікпен құттықтай отырып, алдағы уақытта да еліміздің әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуына өз үлесін қосады деп сенеміз.