АБАЙ –ДАНА, АБАЙ-ДАРА ҚАЗАҚТА!

Енгізілді: 05.02.2020Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 1993 рет

      2020 жылдың 04 ақпан күні  «Болашақ» университетінің кітапханасында қазақ халқының ұлы ақыны, ғұлама, ойшыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абай-дана, Абай-дара қазақта!» тақырыбындағы әдеби кеш өтті. Әдеби кешіміздің мақсаты - Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру. Көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу және студенттердің сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру.

Әдеби кешті  «Филогия және журналистика» кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Сара Тайманова ашты.  Шара барысында Абай атамыздың өмірі жайлы бейнеролик көрсетілді, өмірбаяны туралы баяндамалар оқытылды, «Айттым сәлем, Қаламқас!», «Көзімнің қарасы» атты  әндер шырқалды. Сонымен қатар, жастар арасында Ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылығына байланысты викториналар мен зияткерлік ойындар ойнатылды. Әдеби кештің белсенді қатысушыларына алғыс хаттар беріліп, шара Абайдың шығармашылығына арналған кітап көрмесімен жалғасын тапты.