«Болашақ» университетінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні аталып өтті

Енгізілді: 03.12.2018Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 2027 рет

1 желтоқсанда бүкіл ел, бүкіл Қазақстан халқы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мақтанышпен атап өтті. Жыл сайын ҚР Тұңғыш Президенті күнін атап өту және Мемлекет басшысының саясатын қолдау мақсатында «Жалпы білім беру және құқық» кафедрасының студенттері мен оқытушылары дөңгелек үстел өткізді. Шараға облыстық «Нұр Отан» партиясы филиалының саяси жұмыстар бөлімінің басшысы Жарылқасынов Алтынбек, университеттің үздік түлегі, қоғам белсендісі Кенжебаев Жомарт шақырылды.«Болашақ» университетінің ректоры м.а., э.ғ.к., доцент Рысмаханова Гүлмира Жұмабекқызы салтанатты жиынның шымылдығын ашып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады.Тұңғыш Президент күні – Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің тарихында, қалыптасуы мен дамуы жолындағы елеулі орын алатын ерекше мереке.Іс-шара барысында ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі туралы әңгіме айтылып, мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың елі үшін сіңірген ерен еңбегі бүгінгі жастарға үлгі болып табылады.