ОБЛЫСТЫҚ «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Енгізілді: 05.02.2020Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 1975 рет

     3 ақпан күні «Болашақ» университетінің жастары облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының мамандарымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында студент-жастарға «Рухани жаңғыру» орталығының жұмыстары, атқарылған шаралар мен алдағы міндеттер толықтай түсіндіріліп, кері байланыс арқылы залмен диалог орнатылды. Сонымен қатар, еріктілер жылына орай орталық жанынан ерікті жастар бірлестігі жұмысын бастап жатқандығы баяндалып, университет бойынша жетекшісі сайланды. Ағылшын – қытай мамандығының 2 курс студенті Смаилханова Ақнұр Сәкенқызы көпшіліктің қолдауымен бірауыздан ұсынылып, бекітілді.

«Рухани жаңғыру» орталығымен алдағы уақытта жоспарланған шаралар пысықталып, нақтыланды.