«БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚАЛАШЫҚ» ЖҰМЫС ЖАСАДЫ

Енгізілді: 08.02.2020Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 2038 рет

     2020 жылдың 07 ақпан күні «Болашақ» университетінде «Салауатты жұмыс орындары» жобасы аясында «медициналық қалашық» медициналық қызметтер көрсетті. 

Жоба аясында оқытушылар мен студенттерге дәрігерлік-санитариялық көмек пен кеңес беру қызметтері ұсынылды. Оның ішінде,  бой, салмақ, қан қысымын өлшеу, қандағы қант пен холестериннің мөлшерін анықтау қызметтері көрсетілді.

Сондай-ақ,  жалпы тәжірибиелік дәрігер, гинеколог, уролог, жастар денсаулығы орталығының валеолог мамандары  медициналық, профилактикалық кеңестер беріп, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша  ақпараттық тақырыптық материалдар таратылды. Жалпы қаралған адам саны-157.

Атаулы шара облыстық жастар денсаулығы орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды.