БАҚЫТТЫ БОЛҒЫҢ КЕЛСЕ БҮГІНЕН БАСТА

Енгізілді: 08.02.2020Өзгертілді: 08.02.2020Қаралғаны: 1963 рет

      2020 жылдың 7 ақпан күні «Болашақ» университетінде «Бақытты болғын келсе бүгіннен баста» тақырыбында Қызылорда облыстық жастар денсаулығы орталығының психологі Келбет Жолахановамен кездесу өтті. Кездесуге «Ханшайым» қыздар клубының мүшелері қатысты. Тренингтің мақсаты – нәзікжандылардың өмірге, қоршаған ортаға, отбасыға деген көзқарасын дұрыс қалыптастыру. Мақсат қоя біліп, бақытты болуға бағыт бағдар беру. Еркін пікір алысу, бақытты болу дегеніміздің не екенін жастардың өздеріне сезіндіре, ойната отырып ой тастау. Өмірлік құндылықтарды бағалай білуге баулу. Жас ұрпаққа дұрыс бағыт бағдар бере отырып өмірлік тәжірибемен бөлісу.

Тренинг барысында студенттер өз ойларын ашық айтып, түрлі сауалдарға жауап беріп, ойындар ойнап, өз пікірлерін ортаға салды.

Қатысушылар тренинг соңында кездесуден алған әсерлерін айтып, психолог Келбет Жолахановаға алғыстарын білдіріп,   психологиялық мәдениетті арттыратын осындай тренингтердің пайдасын атап өтті.