Мақтанышым, айбарым, желбіре, көк байрағым!

Енгізілді: 15.02.2019Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 1919 рет

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен Тәуелсіздік күніне орай Филология және журналистика кафедрасының ұйымдастыруымен «Мақтанышым, айбарым, желбіре, көк байрағым!» атты мүшәйра өтті. Мүшәйраға әртүрлі мамандықтан 8 студент қатысты. Қатысушы талапкерлер 2 тапсырма бойынша сынға түсті. Бірінші тапсырма: тақырыпқа сай елімізге танымал ақындардың шығармасынан үзіндіні жатқа оқу. Екінші тапсырма: Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне арналған өзінің өлеңін жатқа оқу. Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенттері Мерек Ернұр мен Ибрагимов Мейіржан облыстық жас ақындар мүшәйрасына жолдама алды.