Абай – дана, Абай – дара-қазақта!

Енгізілді: 20.02.2020Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 2051 рет

       2020 жылы 10-14 ақпан күндері «Болашақ» университетінде университетінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Филология, журналистика» кафедрасының ұйымдастыруымен  «Абай – дана, Абай – дара-қазақта!» атты апталық өтті.  Апталықтың мақсаты – университет студенттерінің Абай өмірі мен шығармашылығына деген танымдық қызығушылығын ынталандыру және Абай мұрасы арқылы қазақ тілінің көркемдік қазынасын, сөз өнерінің бейнелілігі мен байлығын таныту, ізгілікті ұлттық құндылықтарды ұлықтау, насихаттау, студенттердің арасынан талантты студенттерді анықтау және олардың шығармашылық әлеуетінің ашылуы үшін жағдайлар жасау, студенттер мен оқытушылар арасындағы өзара байланысты одан әрі жақсарту. Шара мақсатына жетті. Себебі, шынымен-ақ, бір апта бойы студенттер мен оқытушылар бір-бірімен жиі кездесіп, шараға дайындалу барысында бір-бірін жақынырақ танып, олардың арасындағы байланыс нығайды, бір-біріне деген сенімдері арта түсті. Студенттердің білімдері шыңдалды. Олар біз білмейтін басқа қырынан танылды. Апта бойы өнерлі жастар өздерінің алдарына қойған мақсаттарына жетуге талпынысын көрсетті.  Апта аясында «Кемеңгерліктің биік шыңы-Абай» - студенттер арасында эссе жазу сайысы; «Ұлылардың ұлысы-дана Абай» -әдеби кеш; «Асыл сөзді іздесең,  Абайды оқы, таңырқа» атты жас ақындар мүшайрасы өтті.

 

Abay-175!