«Әлемдік білім мен ұлттық тарихтың бастауы – Латын әліпбиі!»

Енгізілді: 22.11.2018Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 2109 рет

Педагогика факультеті Филология және журналистика кафедрасының ұйымдастыруы мен «Әлемдік білім мен ұлттық тарихтың бастауы – Латын әліпбиі!» атты іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы, емлесі, әлеуметтік-лингвистикалық мәселелері жөнінде терең мағұлмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру.Іс шараға облыс  көлемінде құрылған Қазақ жазуын  Латын әліпбиіне  көшіру жөніндегі орфографиялық жұмыс тобының мүшелері, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Абасилов Аман Мәделханұлы мен филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Боранбай Болат Елтайұлы келіп, баяндама оқыды.