«АТАМЕКЕН» ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫМЕН ӘРІПТЕСТІК ОРНАТЫЛДЫ

Енгізілді: 25.02.2020Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 2055 рет

         2020 ж. 21 ақпан күні  Кәсіпкерлер палатасының алаңында Палата директоры Ғалымбек Жақсылықов пен "Болашақ" Университетінің ректоры Қуаныш Дәуренбеков әріптестік жөніндегі келісімге қол қойды.

Әріптестіктің негізгі мақсаты - адами капиталды дамыту, оның ішінде бизнес иелерінің сұранысына сай маман даярлау мәселесінде бірге жұмыс жасау.

Айта кету керек, университет студенттік кәсіпкерлікті дамыту мақсатында палатамен бірлесіп жұмыстарды атқаруда, сондай-ақ "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының бастамасымен ұйымдастырылып жатқан бизнес идеялар мен жобалар конкурстарына қатысады.