«ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ АТА ЗАҢЫ» АТТЫ ТАНЫМДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ

Енгізілді: 02.03.2020Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 2049 рет

      Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу мақсатында 26 ақпан 2020 жылы «Болашақ» Университеті «Жалпы білім беру және құқық» кафедрасының ұйымдастыруымен ҚР Конституциясының мерейтойы аясында Қызылорда қалалық Сотының судьясы Абдрахманов Абдулла «Тәуелсіз Қазақстаның Ата Заңы» атты құқықтану мамандықтарының білімгерлеріне университет оқу залында ашық танымдық сағатын өткізді. Білімгерлерге Конституцияның сипаты, маңызы туралы түсінік беріп, Ата заңның қалыптасу тарихының кезеңдері және оның ерекшеліктері туралы білімдерін тереңдетті. Бұндай танымдық шараның болашақ заңгерлерге ұлттық болмысымызды бейнелеген заңдық қағидалар мен өркениеттік Заңдық ережелерді бойларына сіңіру және негізгі заңымызды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеуге үйретеді. Сабақ барысында судья тыңдаушылардың сауалдарына жауап беріп, заңнамаларды түсіндірді. Ал болашақ мамандар қызықты дәріс үшін судьяға алғыстарын білдірді. Тақырыбы аясында тақырыптық сөрелер, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шара соңы естелік фотосессиямен аяқталды.