Үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану

Енгізілді: 20.11.2018Өзгертілді: 23.02.2019Қаралғаны: 2033 рет

2018 жылғы 20 қарашада Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Орынбаев Еркін Сейтханұлы «Кәсіпкерлік білім беру» факультеті, «Экономика, қаржы және кәсіпкерлік» кафедрасының «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Есеп және аудит»мамандығы студенттеріне «Үстем немесе монополиялық жағдай. Үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану» тақырыбында дәріс оқып, жастардың ой-пікірлерін тыңдап, өз ойымен бөлісті.