Қымбатты ханымдар, аяулы арулар!

Енгізілді: 10.03.2020Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 2057 рет

Сіздерді көктемнің төл мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық Әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Дана халқымызда: «Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», «Қыз өссе – елдің көркі» деген қанатты сөздер бар. Бұл сөздер – халқымыздың ежелден әйел затын ардақтай білгенінің айғағы.

Бұл дүниедегі бар жақсылық әйелдерден бастау алады. Бір қолымен әлемді тербетсе, екінші қолымен бесікті тербететін әйел-аналар, қыз-келіншектер бүкіл еліміздегі сияқты, біздің өңірімізде де ер азаматтармен бірге қоғамның игілігін еселей түсуде ұлан-ғайыр істер атқаруда. Көктемнің алғашқы мерекесі ананың аялы алақанындай жүректерге жылулық ұялатады. Адамзаттың нәзік жандарына арналған мереке табиғаттың оянуымен бірге келіп отыр.

Сіздерге, дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге шаттық, бақыт, қуаныш, отбасыларыңызға құт-береке, ауызбірлік пен тыныштық тілеймін.

 

Құрметпен,

«Болашақ» университетінің ректоры Қуаныш Дауренбеков

*************************************************************