РЕКТОР АШЫҚ ДӘРІС ОҚЫДЫ

Енгізілді: 10.03.2020Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 2011 рет

          Ресей Федерациясының Столыпин атындағы Волга басқару институты ұйымдастырған экономикалық саясат және халықтың экономикалық мінез-құлқы бойынша жас ғалымдарға арналған VI Халықаралық ғылыми мектеп аясында университет ректоры К.Дәуренбеков «Қазақстан Республикасындағы жоғары білімнің дамуы мен болашағы» тақырыбында ашық дәріс оқыды.

Ашық дәрістің аясында ағымдағы тенденциялар, Қазақстан Республикасының білім және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, «Болашақ» университетінің оқу және ғылыми қызметі туралы ақпарат берілді. Дәріс барысында студенттер өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойды, сонымен қатар жалпы жоғары білім саласындағы әртүрлі өзекті мәселелерді талқылады.

Халықаралық ғылыми мектептің ұйымдастырушыларына алғысымызды білдіреміз. Біздің университет аралық ынтымақтастығымыз одан әрі дамып, нығая түседі деп сенеміз.