МЕН ҮШІН БИІК ТҰЛҒАСЫҢ...

Енгізілді: 10.03.2020Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 2070 рет

         2020 жылғы 6 ьнаурызда «Болашақ» университетінде 8 Наурыз Халықаралық Әйелдер  күніне арналған «Мен үшін биік тұлғасың, Ғұмырың болсын бір ғасыр...» атты салтанатты концерттік бағдарлама өткізілді. Мерекелік шараға университет, жоғары колледж, жоғары медициналық колледж профессор-оқытушылары мен қызметкерлері қатысты.

Салтанатты жиында  «Болашақ» университетінің ректоры,  техника ғылымдарының кандидаты Дауренбеков Қуаныш Қойшығұлұлы аруларды мерекемен құттықтап, арнайы Алғысхаттарымен бірқатар профессор-оқытушылар мен қызметкерлерді марапаттады.

Салтанатты іс-шара одан әрі университет және колледж студенттері ұйымдастырған концерттік бағадарламасымен жалғасты.