Құрметті білім алушылар!

Енгізілді: 17.03.2020Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 2091 рет

Құрметті білім алушылар!

Коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында «Болашақ» университетінде 16 наурыз – 5 сәуір аралығында оқу үдерісі қашықтықтан оқыту технологиясы арқылы жүргізілетіндігін хабарлайды. Осыған байланысты:

-         Сабақ кестесіне сәйкес Platonus бағдарламасы арқылы кез келген жерден (үйден, жатақханадан және т.б.) сабаққа қатысуға міндеттісіздер. Сол кесте бойынша сабаққа қатысу күнделікті журналға түсіп, тексеріліп отыратындығын және соған сәйкес аудиториялық бал, тапсырмалар және кері байланыс жүргізілетіндігін ескертеміз!

-         Platonus бағдарламасы арқылы аудиториялық сабақтар (дәріс, практика, СРСП, зертханалық сабақтар) чат батырмасы арқылы жүргізіледі. Осы бағдарлама арқылы оқу үдерісінің жүргізілуі туралы толық алгоритм қосымша беріліп отыр.

-         Қашықтықтан оқыту технологиясы арқылы оқу үдерісі кезінде техникалық ақаулар болған жағдайда шұғыл топ тәлімгерлеріңізге хабарласуларыңыз қажет. Себебі, сабақ кестеге сәйкес Platonus-қа қосылмаған жағдайда сол сабаққа қатыспаған болып есептелесіз.

-         Platonus бағдарламасы арқылы оқытушылардың тапсырмалары бойынша видеобайланысқа, файл жүктеп тексертуге жіберуге мүмкіндіктеріңіз бар.

-         16 наурыз-5 сәуір аралығында өз қауіпсіздіктеріне өздеріңіз және ата-аналарыңыз жауапты екенін ескертеміз. Қауіпсіздік және гигиеналық жағдайларды қатаң сақтап жүрулеріңіз қажет.

-         Осы аралықта университетке келіп материалдық базаны пайдалануға болады немесе өзіңізде техникалық жабдықтарыңыз (компьютер немесе смартфон, міндетті түрде Интернет) болу қажет.

 

Барлық қосымша сұрақтар бойынша байланыс:

Тел: 87242234515, 87242300165,

WhatsApp: 87016036374 - А.Тулепбергенова, 87052031133 - А.Тулегенова

Email: bolashak_5@mail.ru

Сайт: http://www.bolashak-edu.kz/,    http://87.247.5.60/

Сонымен қатар мамандықтарыңызға сәйкес жоғары мектеп декандары мен кафедра меңгерушілеріңізге және топ тәлімгерлеріңізге хабарласуға болады.

Ректорат