"ТУҒАН ӨЛКЕМ-БАЙЛЫҒЫМ!" ОНЛАЙН БАЙҚАУЫ

Енгізілді: 10.04.2020Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 2122 рет

"ТУҒАН ӨЛКЕМ-БАЙЛЫҒЫМ!" ОНЛАЙН БАЙҚАУЫ

Құрметті білім алушылар!


Еріктілер жылына және «Болашақ» университетінің 25 жылдық мерейлі мерекесіне орай жаңа байқау, жаңа жоба Сіздерге жол тартады.
«Туған өлкем – байлығым!» онлайн – байқауының мақсаты өз туған өлкеміздің артықшылықтарын көпшілікке насихаттау. Жастарымыздың бойындағы отансүйгіштік сезімдерінің одан әрі шыңдалуына ықпал жасау.
- Қатысушыларға ұсынылатын тақырыптар: отбасы құндылығы, өлкенің тарихи орындары, тарихи тұлғалар, өз саласы бойынша жетістікке жеткен қарапайым еңбек адамдары, жұршылықты жұмыспен қамтып отырған немесе демеушілік көрсететін кәсіпкерлер, аймақтың табиғи байлықтары мен артықшылықтары.

Байқау фейсбук әлеуметтік желісіндегі «Рухани Жаңғыру Орталығы» парақшасын белгілеу арқылы жүзеге асырылады.
Бейнеролик ұзақтығы 3 минуттан аспауы міндетті.
Келесідей хэштегтер арқылы:

#туған_өлкем_байлығым 

#Бізбіргеміз 

#Еріктілер_жылы 

#Рухани_жаңғыру 

#Болашақ_университеті салынуы тиіс.

Байқау сәуір айының 30-на дейін жалғасады.
Жеңімпаздар (I, II, III орындар) арнайы диплом және сыйлықтармен марапатталады.

        Ұйымдастырушы: Қызылорда облыстық «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі және «Болашақ» университеті.