«БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ IT» ЖАҢА МАМАНДЫҒЫ АШЫЛДЫ!

Енгізілді: 23.04.2020Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 2118 рет

Құрметті жас түлектер!

Сұранысқа ие инновациялық маман болғыңыз келе ме? Онда, «Болашақ» университетіне «Құрылыстағы IT» жаңа мамандығына түсуге тамаша мүмкіндік бар.

Мамандықтың міндеті: курста нақты мысалдарда Autodesk Revit Architecture және AutoCAD Plant 3D бағдарламалық өнімін әзірлеудің негізгі құралдарын, BIM технологиясын қолдану арқылы өнеркәсіптік нысандар мен құрылыс құрылымдарын жобалау әдістемесін оқыту.

Мамандықтың мақсаты: BIM-технологияларды игерген, жобалау, басқару, инженерлік-техникалық қамтамасыз ету және ғимараттар мен құрылыстарды пайдаланудың заманауи ақпараттық технологияларын меңгерген, жан-жақты дамыған жоғары білімді инженер-құрылысшы мамандарын дайындау.

 

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ-БОЛАШАҚТЫ ТАҢДАУ!

Қосымша ақпарат:

8/7242/23-45-15 (CALL-орталық)

8 701 382 2401 (Қабылдау комиссиясы)

e-mail:bolashak_5@mail.ru