«БІЛІМ БЕРУДІҢ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ: БОЛАШАҚҚА БАҒДАР» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН ЖАС ПЕДАГОГ- ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ІІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОНЛАЙН-СЛЁТІ ӨТТІ

Енгізілді: 01.05.2020Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 1798 рет

«Білім берудің цифрлық трансформациясы:  болашаққа бағдар» атты ҚАЗАҚСТАН ЖАС ПЕДАГОГ- ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ  Ііі  РЕСПУБЛИКАЛЫҚ онлайн-СЛЁТІ ӨТТІ

 

2020 жылдың 29-30 сәуір күндері  «Болашақ» университетінің ұйымдастыруымен «Білім берудің цифрлық трансформациясы:  болашаққа бағдар» атты Қазақстан жас педагог-ғалымдарының  ІІІ  Республикалық онлайн-слеті өтті.

Қазақстан жас педагог-ғалымдарының ІІІ-ші Республикалық онлайн Слетының мақсаты - төтенше жағдай кезінде білім беру саласындағы ақпараттық технологиялардың рөлін айқындау арқылы оларды пайдаланудың мәселелері мен перспективалық жоспарларын талқылау болып табылады. Аталған іс-шара Президент Қ.К.Тоқаевтың және ҚР БҒМ министрі А.Қ. Аймағамбетовтың пандемия жағдайындағы білім-ғылымдағы онлайн және қашықтықтан оқыту әдістері мен инновациялық бағыттарын жастар арасында дәріптеу мен зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға бағытталған.

«Білім берудің цифрлық трансформациясы: болашаққа бағдар» атты Қазақстан жас педагог-ғалымдарының ІІІ Республикалық онлайн-слетінің негізгі міндеттері мыналар:

-  Білім берудің цифрлық трансформация жағдайындағы мәселелері мен перспективалық жоспарларын талқылау;

-  білім және ғылым саласындағы жаңа идеяларды дамытуға бағытталған пікірталас алаңын қалыптастыру;

-  жас ғалымдар мен оқытушылардың шеберлік сыныптарын өткізу арқылы тәжірибе алмасуына жағдай жасау;

-  білім беруді модернизациялаудағы жастардың үлесін көрсету арқылы жас педагог-ғалымның заманауи моделін таныту;

-  Smart-city концепциялары аясында білім мен ғылымның рөлін, өзекті мәселелі және даму мүмкіндіктерін анықтау;

-  креативті жас ғалымдардың зерттеулерін қолдау және ынталандыру;

-  кризистік және карантиннен кейінгі мамандар даярлаудағы жаңа және инновациялық білім беру бағдарламаларының бағыттарын талдау;

-  Қашықтан оқыту жағдайындағы альтернативті оқыту технологиялары мен әдістері бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарар мен ұсыныстар әзірлеу.

Республикалық слетке Ресей Федерациясы, Турция республикасындағы тағылымдамашылар, Өзбекстан Республикасы  мен еліміздегі барлық жас педагог-ғалымдар қауымдастығының мүшелері, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі жанындағы Жас ғалымдар кеңесі мүшелері, Қызылорда облысы цифрлық технологиялар басқармасының "Ақпараттық технологиялар орталығы", Назарбаев зияткерлік мектебі  мен еліміздің орта арнаулы және жоғары оқу орындарының жас ғалымдары қатысуда. 

Слет аясында пленарлық жиналыста Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры   Гаухар Төремұратқызы Алдамбергенова, Ташкент қаржы институтының ректоры, профессор Азизов Улугбек Уктамович, НЗМ Қызылорда филиалының директоры Бақыт Жұматай, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің аймақтық «Smart-орталық» технологиясын  трансферт және коммерцияландыру офисінің бас маманы, PhD доктор Толеген Жұмашкенұлы Көпжасаров, Қызылорда облысы цифрлық технологиялар басқармасының "Ақпараттық технологиялар орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, «Болашақ» университетінің аға оқытушысы, PhD доктор Ибадулла Сәбит Ибадуллаұлы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жас ғалымы, аға оқытушы Ләззат Рсалина, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, экономика және ақпараттық технологиялар институтының директоры, «Жас ғалымдар альянсы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, экономика ғылымдарының кандидаты Құлмырзаев Нұрлан Серікұлы баяндамаларын жасады. Пленарлық жиналыста слеттың қатысушыларына онлайн форматтағы концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Бағдарламада университеттің 2-курс студенті Ибрагимов Мейіржан орындауында слетке арнау, «Балбұлақ» балалар халықтық би ансаблінің орындауында «Ұлы дала рухы» және Қызылорда облысының әншілері орындауында «Сыр сылуы» ұсынылды.

Слет барысында «Білім беруді цифрландыру: психологиялық тәуекелдер және мүмкіндіктер» (модератор – университет проректоры Маржан Базарханова) және «Білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайында оқытудың инновациялық әдістері» (модератор – университеттің жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Олжас Рамазанов) бағытындағы секциялық жұмыстар, Қазақстандық жоғары оқу орындары студенттері арасында «Қашықтан оқыту: артықшылығы мен кемшіліктері»  тақырыбында пікір-сайыс жарысы, Қазақстан жас ғалым-педагогтары Қауымдастығының панелдік сессиясы болып өтті. Слетке, Қазақстанның 30ға жуы жоғары оқу орындарынан 300-ге жуық қатысушы онлайн слетке қатысты.

Сонымен бірге, слет үстінде Қазақстан жас ғалымдар-педагог қауымдастығына  салтанатты түрде қабылдау өтті. Қауымдастыққа «Болашақ» университетінің ректоры, техника ғылымдарының кандидаты, ҚР Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Дауренбеков Қуаныш Қойшығұлұлы, Қазақ ұлттық аграрлық университеті,  «Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD доктор, Қазақ ұлттық аграрлық университеті Жас ғалымдар кеңесі төрағасының орынбасары. 100 ден аса ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектердің авторы Алиханов Қуантар Дәуленұлы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы кафедрасының PhD доктор  Жаникулов  Нурғали Надырұлы, Алматы облысы, Іле ауданы №48 орта мектебінің  география пәнінің мұғалімі, директордың әдістемелік  жұмысы жөніндегі орынбасары Сарқытбаев Абылай Абдуллаевич , «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚФ ҚР Білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру республикалық  институтының «Жоғары мектепке оқыту  әдістемесі мен Халықаралық білім беру бағдарламалары» кафедрасының аға оқытушысы, тренер Қуандық Альбина, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, тарих факльтетінің докторанты Дастан Маратұлы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жас ғалымы, аға оқытушы  Ляззат Рсалина қабылданды.

Слет соңында, жиын қорытындысы, пікір-сайыс жеңімпаздарын, слетке қатысушыларға арналған сертификат, алғыс хаттар онлайн режимде беріліп, барлығы электрондық түрде жолданды.