«BIRGEMIZ: TAZA ALEM» жалпыұлттық жобасы аясында шағын гранттар байқауын өткізу ЕРЕЖЕСІ

Енгізілді: 18.05.2020Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 997 рет

«BIRGEMIZ: TAZA ALEM» жалпыұлттық жобасы аясында шағын гранттар байқауын өткізу

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. 1.  ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1.1.     Осы Ереже «Birgemiz: Taza Alem» жалпыұлттық жобасы аясында қоршаған ортаны қорғаудағы нақты мәселелерді шешуге бағытталған жеке дара бастамалар (ерікті миссия) мен волонтерлік бастамаларды қолдауға арналған шағын гранттар байқауын өткізу тәртібін анықтайды (Әрі қарай – Байқау).

Байқау аясында өздерінің волонтерлік бастамаларын жүзеге асыру үшін 300 000 (үш жүз мың) теңге көлемінде шағын грантқа ие болатын 68 жеңімпаз анықталады.

1.2.     Байқау Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тапсырысымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ

«Birgemiz: Taza Álem» қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазалау, ағаштар отырғызу, қоқыстарды сұрыптауға үйрету жөніндегі жалпыұлттық жобаны іске асыру» гранты аясында өткізіледі.

1.3.          Ережеде келеcі түсініктеме аппараты қолданылады:

Ұйымдастырушы – байқаудың ұйымдастыру сұрақтарымен айналысатын үкіметтік емес ұйым;

Өтінім    беруші    –    байқауға   қатысуға    өтінім    берген    Қазақстан Республикасының жеке тұлғасы, бастамашыл тобы, үкіметтік емес ұйымы;

Грант беруші – байқау ұйымдастырушысы;

Грант алушы – грант иеленген байқаудың жеңімпазы.

 

2.  БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

 

2.1.  Байқау мақсаты:

Қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазалау, ағаш отырғызу, қоқысты сұрыптауға үйрету жөніндегі жобаларды іске асыруға еліміздің азаматтарының қатысуын көбейту.

2.2.  Байқау міндеттері:

  • осы саладағы волонтерлікті халық арасында насихаттау;
  • экологиялық идеялар мен жобаларды іске асыруда жастарды қолдау;
  • халықтың әлеуметтік жобалар саласындағы кәсіби және тұлғалық дамуына үлес қосу.
  • әлеуметтік экологиялық жобаларды қолдау құралдарының қолжетімділігін кеңейту.

 

3.     БАЙҚАУ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

 

3.1.          Шағын гранттар байқауына қатысуға жеке тұлғалар, бастамашыл топтар және Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарына рұқсат етіледі.

3.2.          Барлық өтініш берушілер Qazvolunteer.kz платформасына тіркелген болуы тиіс.

3.3.          Өтініш жекелей берілген жағдайда, өтініш берушінің жасы 18 жастан жоғары болуы тиіс.

3.4.          Бастамашыл топтың атынан өтініш берген жағдайда, топ жетекшісінің жасы 18 жастан жоғары болуы тиіс. Топтың қалған мүшелеріне қойылатын талаптар – жасы 14 жастан жоғары. Байқауға қатысуға өтінішті тікелей топ жетекшісі топтың барлық мүшелерін көрсетіп тапсыруы тиіс. Qazvolunteer.kz платформасында бастамашыл топтың барлығы тіркеуден өтуі тиіс.

3.5.          Байқауға қатысатын үкіметтік емес ұйымдар келесі шарттарға сай болуы тиіс:

  • салықтық және басқа қарыздардың жоқ болуы;
  • банк есепшотының болуы;
  • ұйым мемлекеттік сатып алулар сайтындағы жосықсыз қызмет көрсетушілер тізілімінде болмауы тиіс;
  • ұйым ҮЕҰ деректер базасында болуы тиіс.

3.6.          Өтінімдерді қарастыру барысында волонтерлік саласындағы бағдарламаларды/жобаларды жүзеге асыруда тәжірбиесі бар өтінім берушілерге басымдық беріледі. Волонтерлік тәжірбиені растайтын сертификаттар, алғыс хаттар, ұсыным хаттар, жарияланымдар қосымша артықшылық болып есептеледі.

 

4.     ЖОБАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

 

4.1.          Жобалар волонтерлік қызмет тәжірибесіне азаматтарды тарту үшін тиімді механизм мен жағымды жағдай жасау арқылы волонтерліктің жүйелі дамуына бағытталған «Birgemiz» Волонтер жылын өткізу концепциясына сай болуы тиіс.

4.2.     Жобалар елдің барлық өңірлерінде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі нақты жергілікті міндеттерді шешуде азаматтардың жеке күш-жігерін (ерікті миссия) және волонтерлік бастамаларды қолдауға бағытталуы тиіс. Берілетін бастама қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазалау, ағаш отырғызу, қоқысты сұрыптауға үйрету жобаларына волонтерлерді тартумен, Қазақстан Республикасы азаматтарының волонтерлік қызметке белсенді қатысуын ынталандырумен айналысу және «Birgemiz: Taza Álem» жалпыұлттық жобасының бағыттарына сай болуы тиіс.

4.3.    Жобалар келесі бағыттар бойынша қабылданады:

  • экологиялық ағарту жұмыстары бойынша волонтерлік жобалар;
  • көгалдандыру жұмыстары бойынша волонтерлік жобалар;
    • өзендер мен ормандарды тазалау жұмыстары бойынша волонтерлік жобалар ;
    • халықтың экологиялық сауаттылығын арттыру арқылы экологиялық құқық бұзушылықтар санын азайтуға ықпал ететін экопатруль- волонтерлерді дайындау бойынша волонтерлік жобалар;
    • жануарларды қорғау жұмыстары бойынша волонтерлік жобалар;
    • 4.1. бапқа сай келетін басқа бағыттар.

 

4.4.     Жоба келісімшартқа қол қойылғаннан бастап 5 ай көлемінде (маусым-қазан) жүзеге асырылуы тиіс.

4.5.     Байқау комиссиясының қаралымында жүйелі, жүзеге асып жатқан, аймақтағы жағдайды түбегейлі өзгертетін жобалар артықшылыққа ие болады.

4.6.     Жоба аясындағы шығындар еңбекақы, офистің қамтылуы секілді және басқа да әкімшілік шығындарға емес, волонтерлік бастамаларды жүзеге асыруға арналған әр түрлі шығындарға (жабдықтау, құрал-сайман, құрылғы және т.б.) бағытталуы тиіс.

4.7.    Жоба өтінім формасына (Қосымша №1) толықтай сай рәсімделуі тиіс.

 

5.     БАЙҚАУДЫҢ ӨТКІЗІЛУ ТӘРТІБІ

 

5.1.          Байқау 2020 жылдың 23 сәуірі мен 23 мамыры аралығында өтеді.

5.2.          Байқауға қатысуға өтінімдер қабылдау:

5.2.1.  Байқауға қатысу үшін Жобалық өтінімдерді осы Ереженің Қосымша

№1 сай рәсімделіп, .pdf форматында 2020 жылдың 23 мамырының Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 18:00 дейін birgemiz.taza.alem@gmail.com электронды почтасына жіберу қажет.

5.2.2.  Жобаның мәнін ашатын презентация немесе бейнеролик болған жағдайда, оны өтініммен бірге электронды почтаға жіберу қажет.

5.2.3.  Қажет болған жағдайда, Ұйымдастырушылар Өтінім берушіден Байқауға қатысты қосымша ақпарат сұрату құқығын қалдырады.

5.2.4.  Байқауға қатысуға өтінім Қатысушының осы Ережеде көрсетілген талаптар мен шарттарға келісімін білдіреді.

5.2.5.  Байқауға қатысу өтінім беруші тарапынан ақысыз түрде жүзеге асады.

5.2.6.  Байқау Қатысушысы өзінің өтінімін өтінім қабылдау уақыты аяқталғанға дейін қайтып алуға құқылы.

5.2.7.  Көрсетілген уақыттан кеш тапсырылған Өтінімдер қарастырылмайды.

5.3.          Ұйымдастырушылар қатысушылардың жеке деректерінің сақталуына кепілдік береді.

5.4.          Грант иегерлерін іріктеу 2020 жылдың 30 мамырына дейін жүргізіледі.

5.5.          Іріктеудің аяқталуы туралы хабарландыру ұйымдастырушылардың ресми сайтында www.zhasulan.kz, www.qazvolunteer.kz порталында, сонымен қатар жобаның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланады:

Instagram: @jasulan_qz, @birgemiz_taza_alem Facebook: Taza Alem

Telegram: Birgemiz: Taza Alem

 

6.     ЖОБАЛАРДЫ ІРІКТЕУ

 

6.1.          Байқау комиссиясы «Жас Ұлан» ББЖҰ» РҚБ төрағасының бұйрығы негізінде кемінде үш адамнан құрылады. Байқау комиссиясының құрамына келісім бойынша волонтерлік саласындағы сарапшылар, бренд-амбассадор, экология саласындағы сарапшылар, волонтер жылының фронт-офисінің өкілдері, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының өкілдері шақырылатын болады.

6.2.          Байқау комиссиясының мүшелері байқаудың мақсаттарына, міндеттеріне және шарттарына сәйкес грант алушыны таңдау жөнінде бейтарап шешім шығаруға міндеттеледі.

6.3.          Байқау комиссиясының шешімі хаттама түрінде рәсімделеді,оған Комиссияның барлық мүшелері қол қояды. Байқау комиссиясының шешімі соңғы шешім болып табылады және өзгертуге немесе шағымдануға жатпайды.

 

7.                 БАҒАЛАУ ШАРТТАРЫ

 

7.1.         Байқау комиссиясы келесі бағалау шарттарына сәйкес жобаларды іріктейді:

 

 

Бағалау шарттары

Бағалау үлесі, %

1.

Халықтың волонтерлік қызметке тартылуы

30

2.

Мақсатты        аудиторияның       қажеттіліктеріне

сәйкестігі     және     өңірдің    міндеттерін                    шешу тиімділігі

30

3.

Жобаның болашақтағы жүйелілігі мен өміршеңдігі

20

4.

Жобаны орындау жоспарының нақтылығы мен ұтымдылығы

10

5.

Бюджеттің орындылығы мен негізділігі

10

 

Барлығы:

100

 

7.2.         Бағалаудың әрбір шарты бес ұпайлық шкала бойынша бағаланады (0- ден 5 ұпайға дейін)).

7.3.         Жобаларды бағалау формасына сәйкес (Қосымша 2) әрбір комиссия мүшесі дербес түрде қарастырады. Әрбір жобалық өтінім бойынша байқау комиссиясының мүшесінің қорытынды ұпайы келесі формула бойынша есептеледі::

Қорытынды ұпай = (a * 0,3) + (b * 0,3) + (c * 0,2) + (d * 0,1) + (f * 0,1), бұл жерде

a – «Халықтың волонтерлік қызметке тартылуы» шарты бойынша ұпай; b –«Мақсатты аудиторияның қажеттіліктеріне сәйкестігі және өңірдің міндеттерін шешу тиімділігі» шарты бойынша ұпай;

c – «Жобаның болашақтағы жүйелілігі мен өміршеңдігі» шарты бойынша ұпай ;

 

d – «Жобаны орындау жоспарының нақтылығы мен ұтымдылығы» шарты бойынша ұпай ;

f – «Бюджеттің орындылығы мен негізділігі» шарты бойынша ұпай.

7.4.         Жобаның жалпы ұпайы байқау комиссиясының барлық мүшелері ұсынған қорытынды ұпайлардың орташа арифметикалық сомасы болып табылады.

7.5.         Шағын гранттар байқауының жеңімпаздары ең жоғары жалпы ұпай жинаған 68 әлеуметтік жобалардың өтініш берушілері болады.

7.6.         Екі және одан да көп өтінімдер бірдей ұпай санын жинаған жағдайда волонтерлік жұмыс тәжірибесі көбірек өтініш берушілерге басымдық беріледі.

 

8.     ШАҒЫН ГРАНТТАР БЕРУ ЖӘНЕ ЕСЕП БЕРУ ТӘРТІБІ

 

8.1.          Өтініш берушілерге гранттар бөлу шағын гранттар байқауының қорытынды хаттамасы мен қол қойылған грант беру туралы шарт негізінде жүзеге асырылатын болады.

8.2.          Шағын грант көлемі 300 000 (үш жүз мың) теңгені құрайды.

8.3.          Грантты беру өтініш берушінің банктік шотына ақша қаражатын аудару жолымен жүзеге асырылады.

8.4.          Төлем екі транш арқылы жүргізіледі:

-Грант сомасының 50% мөлшеріндегі I транш шартқа қол қойылған күннен бастап бес банктік күн ішінде аударылады;

-Грант сомасының 50% мөлшеріндегі II транш аралық есеп қабылданғаннан кейін бес банктік күн ішінде аударылады.

8.5.          Грантты пайдалану мәлімделген сметаға қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады. Түзетулер енгізу тек Грант берушіні жазбаша түрде хабардар етіп, оның келісімін алғаннан кейін ғана рұқсат беріледі.

8.6.          Аралық бағдарламалық және қаржылық есептерді тапсыру мерзімі- 2020 жылдың 25 шілдесіне дейін, қорытынды бағдарламалық және қаржылық есептерді тапсыру мерзімі – 2020 жылдың 30 қыркүйегіне дейін

8.7.          Толық емес мәліметтер ұсынылған жағдайда грант беруші есепті түзетуге жіберуге құқылы..

8.8.          Жоба тиісті деңгейде орындалмаған, грант қаражатын мақсатсыз пайдаланған және есепті уақытында тапсырмаған жағдайда Грант алушы грант қаражатын қайтаруға міндеттенеді. Сомасы мен мерзімдері грант беру туралы шартта айқындалады.

8.9.          Грант алушы өзі туралы, жобаны іске асыру барысы, оның кезеңдері мен нәтижелері туралы БАҚ-та және әлеуметтік желілерде ақпарат жариялауға келісім береді.

8.10.     Грант алушының жобаны жүзеге асыру бойынша ақпараты Ұйымдастырушының «Birgemiz: Taza Alem» жобасы үшін Facebook және Instagram әлеметтік желілеріндегі парақшаларында жариялануы керек. Парақшада Волонтер жылы мен «Birgemiz: Taza Alem» жобасының логотипі

 

     

 

 

және Волонтер жылының ортақ хештегтері #VolonterJyly_kz, #ГодВолонтера_kz, #VolunteerYear_kz, #Birgemiz, #volonter2020 болуы тиіс.

Әлеуметтік желіде жұмыс бойынша кеңестер (әлеуметтік желідегі қолданушы аудиторияны баптау, фейсбук парақшасын ашу және инстаграмга байлау) байқау құжаттарымен қоса берілген.

 

9.     ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС

АҚПАРАТЫ

 

9.1.  Барлық туындаған дауларды конкурсты ұйымдастырушы мен комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешеді.

9.2.  Байқау ұйымдастырушылары:

«Жас Ұлан» ББЖҰ» РҚБ

Мекен-жайы:   010000,   Қазақстан   Республикасы,   Нұр-Сұлтан   қаласы,

.Б.Майлина көшесі, үй 1а, 3 қабат.

Тел: 8 (7172) 25 15 45

e-mail: zhasulan2020@mail.ru

Жоба үйлестірушісі – Махашев Али Ауэзович, тел: + 7 (775) 502 11 61

 

қосымша

 

ЖОБАЛЫҚ ӨТІНІМ ҮЛГІСІ

 

  1. 1.   Өтініш беруші туралы мәліметтер

 

Жеке тұлғалар үшін:

 

Елді мекен (міндетті түрде облысты, қаланы / ауданды, ауылды көрсету керек)

 

Өтініш берушінің аты-жөні (толық)

 

Туған күні

 

Білімі (білім беру мекемесінің атауын және мамандығын көрсету қажет)

 

Оқу/жұмыс орны (оқу орны үшін оқу орнының атауын және курсын/сыныбын көрсету; жұмыс орны үшін-ұйымның атауы және лауазымы)

 

Марапаттар, сертификаттар, курстар (сіздің біліктіліктеріңізді және кәсібилігіңізді растайтын деректер болған жағдайда

көрсету)

 

Байланыс телефоны (осы телефон арқылы ұйымдастырушылар сізбен байланысатын болады)

 

Қосымша байланыс телефоны (негізгі телефон қол жетімсіз болған жағдайда. Адамның атын және оның сізбен қарым-

қатынас дәрежесін көрсету: дос, ана және т. б.)

 

Электрондық мекен-жай

 

Intsagram, Facebook, Telegram әлеуметтік

желілеріндегі аккаунттар (іздеуді жеңілдету үшін өз парақшаларыңыздың сілтемелерін көрсетіңіз)

 

Қосымша мәліметтер (Сіздің ойыңызша Конкурстық комиссия білуге тиіс кез келген ақпарат, фактілер және басқа да

мәліметтер)

 

 

 

Бастамашыл топтар үшін:

 

Елді мекен (міндетті түрде облысты, қаланы / ауданды, ауылды көрсету керек)

 

Бастамашыл топтың басшысы туралы мәліметтер:

Аты-жөні (толық)

 

Туған күні

 

Білімі (білім беру мекемесінің атауын және мамандығын көрсету қажет)

 

Оқу/жұмыс орны (оқу орны үшін оқу

орнының атауын және курсын/сыныбын

 

 

көрсету; жұмыс орны үшін-ұйымның атауы және лауазымы)

 

Марапаттар, сертификаттар, курстар (сіздің біліктіліктеріңізді және кәсібилігіңізді растайтын деректер болған жағдайда көрсету)

 

Байланыс телефоны (осы телефон арқылы ұйымдастырушылар сізбен байланысатын болады)

 

Қосымша байланыс телефоны (негізгі телефон қол жетімсіз болған жағдайда. Адамның атын және оның сізбен қарым- қатынас дәрежесін көрсету: дос, ана және т. б.)

 

Электрондық мекен-жай

 

Intsagram, Facebook, Telegram әлеуметтік

желілеріндегі аккаунттар (іздеуді жеңілдету үшін өз парақшаларыңыздың сілтемелерін көрсетіңіз)

 

Қосымша мәліметтер (Сіздің ойыңызша Конкурстық комиссия білуге тиіс кез келген ақпарат, фактілер және басқа да мәліметтер)

 

Бастамашыл топтың қатысушылары туралы мәліметтер:

1 қатысушы (әрбір қатысушыға жеке толтырылады)

Аты-жөні (толық)

 

Туған күні

 

Байланыс телефоны (осы телефон арқылы ұйымдастырушылар сізбен байланысатын болады)

 

Электрондық мекен-жай

 

Intsagram, Facebook, Telegram әлеуметтік

желілеріндегі аккаунттар (іздеуді жеңілдету үшін өз парақшаларыңыздың сілтемелерін көрсетіңіз)

 

2 қатысушы

3 қатысушы және т.б.

 

 

Үкіметтік емес ұйымдар үшін:

 

Ұйымның толық атауы және заңды мәртебесі қазақ және орыс тілдерінде

 

Заңды тіркелу күні

 

Ұйымның заңды мекен-жайы

(пошталық индекс, облыс, елді мекен, көше, үй, кеңсе)

 

Ұйымның нақты мекен-жайы

(пошталық индекс, облыс, елді мекен, көше, үй, кеңсе)

 

 

Ұйымның байланыс ақпараттары

(жұмыс телефоны, факс, электрондық пошта)

 

Заңды тұлғаның банктік деректемелері (БСН, ЖСК, БСК), сондай-ақ заңды тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекен-жайы

 

Ұйымның бірінші басшысының аты-жөні

 

Басшының лауазымы

 

Басшының байланыс ақапараты

(жұмыс телефоны, факс, электрондық пошта)

 

Ұйым есепшісінің аты-жөні

 

Есепшінің байланыс ақпараты

(жұмыс телефоны, факс, электрондық пошта)

 

Ұйым құрылтайшылары туралы мәлімет (құрылтайшылардың аты-жөні / құрылтайшы ұйымдардың атауы)

 

Жарғыға сәйкес заңды тұлғаның қызметі, штаттық қызметкерлер саны

 

ҮЕҰ (үкіметтік емес ұйымдар )деректер қорында болуы туралы мәліметтер

 

Мақсатты аудитория/атаулы тобы (егер қолданылса)

 

 

  1. 2.   Волонтерлік жұмыс / волонтерлік жобаларды іске асыру тәжірибесі туралы мәліметтер (жеке тұлғалар, бастамашыл топтар және үкіметтік емес ұйымдар үшін)

 

Жобаның атауы, мақсаттары, міндеттері, мазмұны

Іске асыру мерзімі

Нәтижесі

Жұмсалған қаражат (қаржылық, материалдық, адами және т. б.)

1.

 

 

 

 

2.

 

 

 

 

 

  1. 3.  Жоба туралы мәлімет

 

1.

Жобаның атауы

(жобаның атауын қазақ және орыс тілдерінде көрсетіңіз)

 

2.

Жобаның бағыты

(осы ереженің 4.2. п. сәйкес «Birgemiz: Taza Alem» жалпыұлттық жобасының басым бағыттарының бірін таңдаңыз)

 

3.

Жобаның мақсаты

(Сіздің жобаңыз не үшін қажет? Сіздің елді мекеніңіз  қандай әлеуметтік мәселені шешеді?)

 

4.

Жобаны іске асыру аумағы

 

5.

Жобаның мақсатты тобы

 

 

 

(Сіздің    жобаңыздың    пайдасы    кімге тиеді?)

 

6.

Жоспарланған мақсатты топтың сандық қамтылуы

(Сіздің жобаңыз қанша адамға пайдалы бола алады? Нақты санды көрсетіңіз)

 

7.

Жоба бойынша қызметтің қысқаша сипаттамасы. Жоба бойынша іс- шаралар тізбесі

(Сіз жобаны іске асыру үшін не істейсіз? Сіз оны қалай жасай аласыз? Қандай іс-шаралар өткізесіз?)

 

8.

Жоба бойынша серіктестер

(Жобаны кіммен іске асырасыз? Кімнен көмек сұрайсыз? Кім тарту керек? Сіз серіктес ретінде қандай ұйымдар мен мекемелерді тартуды жоспарлап отырсыз? Серіктестердің атауын көрсетіңіз)

 

9.

Күтілетін нәтижелер және жобаның әлеуметтік әсері

(Нәтижесінде не аласыз? Жергілікті халық үшін сіздің жобаңыз қандай пайда әкеледі? Жоба жүзеге асырылғаннан кейін сіздің өңіріңізде

қандай өзгерістер болады?)

 

10.

Жобаның жалпы құны (теңгемен) (Жобаны іске асыру үшін қанша ақша қажет?)

 

11.

Жобаның тұрақтылығы (Қаржыландыру    аяқталғаннан    кейін жобаны     жалғастыра                        аласыз           ба? Жобаны                        қалай    жалғастыруды

жоспарлайсыз?)

 

12.

Қоғамды ақпараттандыру

(Адамдар сіздің жобаңыз туралы қалай біледі? Жоба туралы ақпаратты қайда орналастырасыз? Мүмкіндігінше

атауын көрсетіңіз).

 

13.

Әлеуметтік жобаның тәуекелдері (Жобаның    барысы    мен    нәтижесіне қандай тәуекелдер әсер етуі мүмкін? Сіз     ықтималдықты          және          мұндай салдарларды   азайтуды              қалай жоспарлайсыз?)

 

14.

Жобаны іске асыру жоспары

 

Іс-әрекет / іс- шара

Жоспарланған мерзім

Қатысушылар

Топтың жауапты мүшесі

 

1

2

3

4

5

 

 

 

 

 

 

 

15.

Жобаның бюджеті

 

Шығыстар бабы

Саны

Бағасы

Сомасы

 

1

2

3

4

5

 

 

 

 

 

 

 

Өтінімге келесі құжаттар қоса берілуі тиіс:

-    қолы қойылған байқауға қатысуға өтінімді ұсыну туралы ілеспе хат (бар болса): жеке тұлғалар үшін – еркін нысанда, заңды тұлғалар үшін – ұйымның мөрі қойылған ресми бланкісінде;

-   ұсыным хаттар (бар болса);

-   жобаның презентациясы, жоба туралы бейне (бар болса).

 

Байқау қорытындылары жарияланғаннан кейін әлеуетті грант алушылар келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:

 

Жеке тұлғалар, бастамашыл топтар үшін:

-   жеке куәліктің сканерленген нұсқасы;

-   шоттың 20 таңбалы нөмірінің болуы туралы қолы және мөрі бар банкттік анықтаманың сканерленген нұсқасы;

-   борышкерлер тізілімінде жоқ екендігі туралы салық органынан мәліметтер;

-   іске асырудың егжей-тегжейлі жоспары;

-   жоба бойынша егжей-тегжейлі смета.

 

Үкіметтік емес ұйымдар үшін:

-   заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген ұйым жарғысының сканерленген нұсқасы;

-      егер жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтер болмаған жағдайда, құрылтай шартының сканерленген нұсқасы;

-      заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің/анықтаманың сканерленген нұсқасы;

-    ұйымға қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының (i)банк шотының болуы туралы және (ii) конкурс аяқталған күннен бір айдан бұрын берілген міндеттемелердің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы қол және мөр қойылған сканерленген нұсқасы;

-     өтінім берілген күннің алдындағы үш айдан астам уақытқа салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешек жоқтығы туралы тиісті салық органының белгіленген үлгідегі анықтамасының сканерленген нұсқасы. Анықтама шартқа қол қойылған күнге дейін 10 күн бұрын алынуы тиіс;

-   жобаны іске асырудың егжей-тегжейлі жоспары;

-   жоба бойынша егжей-тегжейлі смета.

 

қосымша

 

 

ЖОБАНЫ БАҒАЛАУ НЫСАНЫ

 

 

Шартқа сәйкес бағалау шкаласы: 0-5 ұпай (бүтін сандар):

Өтінім нөмірі:

 

0 ұпай

сәйкес емес

Жобаның бағыты:

 

1-2 ұпай

әлсіз сәйкестік

Комиссия мүшесінің аты- жөні:

 

3 ұпай

қанағаттанарлық сәйкестік

Қолы:

 

4 ұпай

жақсы сәйкестік

Күн:

 

5 ұпай

үздік сәйкестік

 

 

№ т/п

Бағалау шарттары

Баға (0-5

ұпай)

Өлшенген ұпайлар (ұпай*өлшемінің үлес салмағы %)

1.

Халықтың волонтерлік қызметке тартылуы

 

 

2.

Мақсатты аудиторияның қажеттіліктеріне сәйкестігі және өңірдің міндеттерін шешу тиімділігі

 

 

3.

Жобаның     болашақтағы     жүйелілігі     мен өміршеңдігі

 

 

4.

Жобаны орындау жоспарының нақтылығы мен ұтымдылығы

 

 

5.

Бюджеттің орындылығы мен негізділігі

 

 

 

Өлшенген ұпайлардың жалпы сомасы: