РЕКТОРДЫҢ ГРАНТ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ!

Енгізілді: 26.05.2020Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 2123 рет

2020 жылдың 23 мамыр күні «Болашақ» университетінде BOLASHAK SCIENCE» атты  облыстық ғылыми жобалар онлайн байқауы өткізілді. Байқаудың негізгі мақсаты – қатысушы жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін арттыруға ынталандыру және үздік ғылыми жобаларды іріктеу.

Байқауға қатысушылар өз жұмыстарын электронды түрде жіберіп, сараптау комиссиясынан өткен жұмыстар байқауға жіберілді.

 

Байқауға келесі ғылыми жобалар қабылданды:

Абдрахманова Жансая - Сырдария ауданы, № 147 орта мектебі («Жердің аты-ата баба хаты»);

Ширалиева Нұрай Нұрлыбекқызы  - Қызылорда қаласы, №264 мектеп-лицейі («Альберт Энштейннің арманы»);

Жаңбырбай Нұрай Бекболатқызы  - Сырдария ауданы №44 орта мектебі («Сыр шертер шежіресі мол –киелі мекен»);

Нұрмағамбетова Ғазиза - Ш.Уәлиханов атындағы №26 орта мектебі  («Сәуле Досжан прозаларындағы қазіргі қазақ әйелінің қасіреті»);

Енсепбаева Аружан Жанболатқызы -Қызылорда қаласы, 264 мектеп-лицейі («Параметрлері айнымалы жүйелердегі физикалық  процестерді компьютерлік модельдеу»);

Жақсылықова Жансая Қанатқызы - Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, №137 орта мектебі («3D Объектілер мен 4D AR технологиялар физика мен геометрияда») ;

Іскендір Мағжан Қызылорда қаласы, №233 орта мектебі Күн трекері;

Кәти Жанерке Байұзаққызы  - Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Ғ.Мұратбаев ауылы, Ғ.Мұратбаев атындағы №91 мектебі («MAPLE бағдарламасында 3D форматта график салу»);

Әбдіқами Қаракөз Жақсыбекқызы - Қазалы ауданы, Ғ.Мұратбаев ауылы, Ғ.Мұратбаев атындағы №91 мектеп («Жылдам дайындалатын макарон  өнімдерінің сапа көрсеткіштерін зерттеу»);

Кенжебек Ару Нұртайқызы - Жанқожа батыр атындағы №70 мектебі («Су айдындарының балық өнімділігін арттыру мақсатында және шабақтардың өміршеңдігін ұзарту үшін тірі азықпен қоректену арқылы тұқы балықтарын өсіру ерекшелігі»).

Ғылыми  жобаларды қорғау жұмысы ZOOM платформасы арқылы жүргізілді.

Қорғау барысында комиссия мүшелері ғылыми жоба авторларына түрлі сұрақтар қойып, толық және анық жауаптарын алды. Қорғау регламенті  5-7 минут болды.  Оқушылар қорғау барысында көрнекілік құралдар және презентацияларды қолданды.

Ғылыми жобалардың нәтижелері сілтеме арқылы (https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeE8uvBrywJJwXvkjGd3kTzl8TQNkZY1kyU72cRqbG5wPR35g/viewform), анонимді түрде жүргізілген әділ-қазылар бағалары арқылы анықталды7

Нәтижесінде, «Болашақ» университеті ректорының грант иегерлері, жоғары балл жинаған  Сырдария ауданы, № 147 орта мектебінің оқушысы Абдрахманова Жансая және Қазалы ауданы, Ғ.Мұратбаев ауылы, Ғ.Мұратбаев атындағы №91 мектебінің оқушысы Әбдікәми Қаракөз танылды. Құттықтаймыз!