УНИВЕРСИТЕТ АККРЕДИТТЕУДЕН СӘТТІ ӨТТІ

Енгізілді: 16.07.2020Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 1845 рет

Аккредиттеудің тәуелсіз Қазақстандық  орталығының (АТҚО) Аккредиттеу Кеңесі "Болашақ" университетінің 14 білім беру бағдарламасын 5 жыл мерзімге аккредиттеу туралы шешім қабылдады!

 

       Білім беру ұйымдарын аккредиттеу-олардың сапасы туралы объективті ақпарат беру және оны арттырудың тиімді тетіктерінің болуын растау мақсатында аккредиттеу органының білім беру қызметтерінің белгіленген аккредиттеу стандарттарына (регламенттеріне) сәйкестігін тану рәсімі (Білім туралы Заңға сәйкес).

Аккредиттеу мақсаты-білім беру қызметінің және мамандар даярлаудың сапасына бейілділігін көрсету; білім беру бағдарламаларының сапасына тәуелсіз баға алу және мамандар даярлау; білім беру бағдарламаларын жетілдіру бойынша ұсыныстар алу; білім беру қызметтерінің қазақстандық нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыру, білім беру қызметтерінің нарығында өзін көрсету және түлектерді жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету.

АТҚО-ның сыртқы сараптау комиссиясы осы жылдың 3-5 маусым аралығында ЖОО-да жұмыс жасады.

Тәуелсіз аккредиттеуді жүргізу кезінде сарапшылар жоғары оқу орнын бітірушілердің еңбек нарығында қаншалықты бәсекеге қабілетті болуына, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын зерделеуге көп көңіл бөлді. Сонымен қатар, сарапшылар ЖОО-ның материалдық-техникалық жағдайын, инновацияларды, заманауи технологиялар мен оқыту әдістерін қолдану тәжірибесін, түлектердің бәсекеге қабілеттілігін бағалады. Басшылықпен және профессор - оқытушылар құрамымен, бөлімше қызметкерлерімен кездесулер өткізілді, сондай-ақ студенттермен, магистранттармен, ЖОО түлектерімен және жұмыс берушілермен онлайн кездесу өткізілді. Нәтижесінде, "Болашақ" университетінің қызметін Аккредиттеу Кеңесінің мүшелері және сыртқы сараптау комиссиясының сарапшылары оң бағалады.

Құттықтаймыз!