Болашақ университетінде Филология, журналистика кафедрасы мен университет кітапханасының ұйымдастыруымен «Бір ел- бір кітап» акциясы аясында Тынымбай Нұрмағанбетовтің «Періштелердің өлімі» атты прозалық шығармасы бойынша әдеби іс-шара өткізілді.

Енгізілді: 05.11.2021Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 1845 рет

       Болашақ университетінде Филология, журналистика кафедрасы мен университет кітапханасының ұйымдастыруымен «Бір ел- бір кітап» акциясы аясында Тынымбай Нұрмағанбетовтің «Періштелердің өлімі» атты прозалық шығармасы бойынша әдеби іс-шара өткізілді.

Іс-шараның мақсаты-  халық әдебиетін насихаттау, тарихи, мәдени және рухани мұраны сақтау, жастарға адамгершілік патриоттық тәрбие беру, ана тілін құрметтеу.

Іс-шарада шығарманы жоғары деңгейде талдаған КЯ-19 оқу тобының студенттері Жайлаубаева Бибіфатима, Зарер Балгерім, Қожан Гүлназ тыңдаушылар жүрегінен орын таба білді.

Іс-шараны қортындылау кезеңінде университет ұстаздары ф.ғ.к, доцент Жазира Нұрсұлтанқызы және ф.ғ.к., аға оқытушы Аягөз Байдаулетова студенттерге салиқалы ойларымен, тәрбиесі мол қанатты сөздерін жеткізе отырып, студенттерді кітап оқуға шақырды.

Қортынды сөз алған ф.ғ.к., доцент, «Жас қанат» ұйымының жетекшісі Сара Тайманқызы: «Тынымбай Нұрмағамбетовтың «Періштелер өлімі» - ондағы «Жылан уы» мен «Сәмбі талдың мұңы» хикаяты - бүгінгі күннің шындығы. Жаныңды сыздатқан жараңа тұз себетін шыншыл да мұңлы шығарма. Шығармаға қойылатын басты өлшем, негізгі талап осындай болу керек! Болашақ жастардың қолында!»- деген жалынды сөзімен және Ф.Кафканың: «Біз өзімізді тістеп, шағатын кітаптарды ғана оқуымыз керек деп есептеймін. Егер оқыған кітабың тас төбеден бір ұрып, жойқын соққы бергендей әсер етпесе онда оны оқудың не қажеті бар?»- деген ойымен аяқтады.