АЙМАҚТА АЛҒАШ РЕТ «СТУДЕНТ-ПРОФЕССОР» ЖҰБЫ БОЙЫНША ӘН ЖАРЫС ӨТТІ

Енгізілді: 05.11.2021Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 2115 рет

АЙМАҚТА АЛҒАШ РЕТ «СТУДЕНТ-ПРОФЕССОР» ЖҰБЫ БОЙЫНША ӘН ЖАРЫС ӨТТІ

 

2021 жылдың 2 қазанында Болашақ университетінде "Ұстаздар күні" мерекесі және "Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында университеттің атриум залында "Bolashak Stars" конкурсы өткізілді.

Конкурстың негізгі мақсаты - студент жастар мен оқытушылар арасындағы бірлік, татулық, достықты ту ету.

Бұндай форматтағы, яғни студент пен профессордың дуэт болып ән айтып, бақ сынасу аймағымызда алғаш рет өткізілуде. Бұл - танымдық тәрбие, үлкенге құрмет, рухани азық. Бір ерекшелігі, жасы сексенге жақындаған профессордан бастап конкурсқа белсене қатысты.

Карантиндік жағдайдан кейін оффлайн режимде сағыныса табысқан барлық жастар мен профессорлардың бір көңілдері сергіп, ән арқылы әлемді тербеу жолы деп те атап өтеуге болады.

Конкурста әрбір кафедра бойынша 1 оқытушы және 1 студент бірігіп, дуэт болып ән айтты. Университеттен жалпы 9 жұп бақ сынасты. Әрбір жұп тек ән айтып қоймай, олардың ән айту барысында түрлі қойылымдар, бейнематериалдар және де басқа реквизиттер арқылы безендіре білді. Бұл жағдайда әр кафедраның басқа да оқытушылары мен студенттері өз командалары үшін жанашырлық танытып, белсенділік көрсете білді.

Конкурсты танымал журналист, Болашақ университетінің түлегі Талант Айымбетов жүргізсе, әділқазылар алқасында Нартай Бекежанов атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театрының актрисасы Мейрамкүл Пушпакова және Қазанғап атындағы музыкалық колледжі, вокалдық өнер бөлімінің оқытушысы, Аруна Даулетова болды.

Конкурс соңыңда жеңімпаздар анықталып, университет құрылтайшысының қолдауымен қаржылай сыйақы және басқа да бағалы сыйлықтар табысталды.

Әділ-қазылар алқасы және Инстаграм желісіндегі дауыс беру арқылы конкурс нәтижесі төмендегідей:

1-орын (50 000 тг)

Кемал Ақгүл-оқытушы, магистр

Жақсыбай Ақжол-студент

2-орын, (30 000 тг)

Хамит Әйгерім-оқытушы, магистр

Сейтбеков Береке-студент

3-орын (20 000 тг)

Өтесінов Жарылқасын-ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, профессор

Жанқуат Ақтолғай-студент

Номинациялар:

1.”Серпін” номинациясы

Жарылқасын Ұлтай-оқытушы, магистр

Ибрагим Мейіржан-студент

2.”Үздік дауыс” номинациясы

Есқараева Айгүл-педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Кәдірбекқызы Айжан-студент

3.”Үздік қойылым” номинациясы

Рысқұлова Әйгерім-оқытушы, магистр

Құдайберген Дамир-студент

4.”Көрермен көзайымы” номинациясы

Омаров Тұрсынбек-доцент

Жүсіп Нұрайым-студент

5.”Жарқын болашақ” номинациясы

Бекманова Жұлдызай-оқытушы

Қаналиев Бекболат-студент

6. “Үміт” номинациясы

Жұматаев Ернар-оқытушы, магистр

Тұрғанова Нұрдана-студент