«БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АТРИУМ ЗАЛЫНДА УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ӘКІМШІЛІКПЕН КЕЗДЕСУІ ӨТТІ.

Енгізілді: 07.11.2021Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 2110 рет

«БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АТРИУМ ЗАЛЫНДА УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ӘКІМШІЛІКПЕН КЕЗДЕСУІ ӨТТІ.

 

Жиналыс мақсаты- студенттерді «Болашақ» университеті ішкі тәртіп ережелерімен таныстыру, оқу үрдісіне қатысты студенттерді толғандыратын сұрақтарға жауап беру.

«Болашақ» университетінде оқу процесінің жүзеге асырылуы жайында алғы сөзді университет ректоры Дауренбеков Қуаныш Қойшығұлұлы алды.

«Білім беру және педагогика жоғары мектебінің » деканы Сапартаева Лаззат Егизбаевна және «Бизнес, техника және технология» жоғары мектебінің деканы Тасболат Ғалымжан Жұмабекұлы білім алушылардың ішкі тәртіп ережесі, еңбек тәртібі жайлы сөз қозғады.

Академиялық мәселелер жөніндегі бөлім басшысы Тулепбергенова Ардак Усенгазиевна студенттерге емтихандарды тапсыру ерекшеліктері, тестілеудің және емтиханды ұйымдастырудың тәртібі жайлы түсіндіріп өтті.

Қызылорда қалалық полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімі Ювеналды полиция бөлімшесінің аға учаскелік инспекторы, полиция майоры Анапияев Ермек Нұрлыбекұлы және полиция аға лейтенанты Күзембаева Гаухар Ерболатовна студенттер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша баяндама жасады.

Қызылорда қаласы прокуратурасының хатына сәйкес адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алу мақсатында «Адам саудасына жол жоқ» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын тәрбие ісі жөніндегі проректор Смаилова Аида Есенгелдіқызы жүзеге асырды. Сондай- ақ, студенттерге «Адам саудасының құрбаны болмау туралы ақпарат», «Қазақстан азаматтары мен мигранттарға арналған карточка» тақырыбындағы буклеттері таратылды.