Президенттік мемлекеттік стипендия иегерін құттықтаймыз

Енгізілді: 15.11.2018Өзгертілді: 25.02.2019Қаралғаны: 1983 рет

Қуанышты хабар: «ҚР Президентінің 2018 жылға арналған стипендиясын жоғары оқу орындары арасында бөлу туралы» ҚР БжҒ министрлігінің бұйрығы бойынша «Болашақ» университетіне 1 орын бөлінді. Университет Ғылыми Кеңесі шешімімен ректор бұйрығымен Президенттік стипендия иегері болып «Қаржы» мамандығының 3 курс студенті Мұса Наргиз иеленді. Оқу ісі және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор, п.ғ.к. Н.Ж.Ибрагимова:

Біз Наргизге оқуда табыс, өз мамандығының білікті маманы болып шығу жолында қажымас қайрат пен шығармашылық ізденіс тілейміз. Студенттеріміздің жоғарғы деңгейде конкурстар мен олимпиадалардан жүлделі орын алуы, Президенттік стипендия иегері болуы Университетіміз үшін үлкен қуаныш. Сондықтан, үздік оқитын және белсенді студентерімізді осындай жеңістерге жету үшін университет өміріне белсенді ат салысып, білім сайыстарына қатысып, ғылыми жобаларда жеңімпаз болу үшін еңбек етуге шақырамын.

Қуанышты хабар: «ҚР Президентінің 2018 жылға арналған стипендиясын жоғары оқу орындары арасында бөлу туралы»  ҚР БжҒ министрлігінің бұйрығы бойынша «Болашақ» университетіне 1 орын бөлінді. Университет Ғылыми Кеңесі шешімімен ректор бұйрығымен Президенттік стипендия иегері болып «Қаржы» мамандығының 3 курс студенті Мұса Наргиз иеленді.

Оқу ісі және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор, п.ғ.к. Н.Ж.Ибрагимова:

Біз Наргизге оқуда табыс, өз мамандығының білікті маманы болып шығу жолында қажымас қайрат пен шығармашылық ізденіс тілейміз. Студенттеріміздің жоғарғы деңгейде конкурстар мен олимпиадалардан жүлделі орын алуы, Президенттік стипендия иегері болуы Университетіміз үшін үлкен қуаныш. Сондықтан,  үздік оқитын және белсенді студентерімізді  осындай жеңістерге жету үшін университет өміріне белсенді ат салысып, білім сайыстарына қатысып, ғылыми жобаларда жеңімпаз болу үшін еңбек етуге шақырамын.

Президенттік стипендия тек жоғары оқу орнының студенттеріне ғана төленеді. Ереже бойынша ол белгілі бір еңбегі бар білім алушыларға ғана тағайындалады.

Президенттік стипендия күндізгі оқу нысанының студенттеріне 3-курстан бастап және магистранттарға 2 курстан бастап «үздік» (А, А-) білім алушыларға мемлекеттік білім беру гранты, сондай-ақ ақылы негізде де тағайындалады.

Стипендия студенттерге, магистранттарға тағайындалады:

  • республикалық және халықаралық олимпиадалар, шығармашылық конкурстар, спорт жарыстарының, фестивалдардың жеңімпаздарына  жаңалықтар, өнертабыстардың авторлары болып табылатындарға;
  • республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда, ғылыми еңбектердің жинақтарында жарияланымдары барлар;
  • жетістіктері дипломдармен, мақтау қағаздарымен, сертификаттармен, куәліктермен расталған ғылыми-зерттеу жұмысымен белсенді айналысатындарға;
  • білім беру ұйымдарының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсенді қатысатындарға.

Стипендия бір академиялық кезеңге (семестрге) тағайындалады. Стипендия ғылыми кеңестің шешіміне сәйкес бір тұлғаға бірнеше мәрте тағайындалуы мүмкін.

Стипендия тағайындауда іріктеу жоғары сипатталған өлшемдерді негізге ала отырып жүзеге асырылады.

Тең шарттарда артықшылыққа ие болатындар:

  • жетім балалар және ата-ананың қақорлығынсыз қалған балалар;
  • бала жастан мүгедектер, мүгедек балалар.

Стипендия төлеу ай сайын жүзеге асырылады.