30 тамыз - ҚР Конституциясы және 1 қыркүйек - Білім күніне арналған мерекелік іс-шара

Енгізілді: 02.09.2019Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 1733 рет

Бүгін«Болашақ» университетінде ҚР-конституция күніне және Білім күні мерекесіне орай мерекелік іс-шара өтті. Жиынның арнайы қонағы ретінде қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, техника ғылымдарының докторы "Болашақ" университетінің құрметті профессоры Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров, белгілі ақын, драматург ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Иран-Ғайып, "Nur Otan" партиясы Қызылорда облыстық филиалының саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Жарылқасынов Алтынбек Шәкімаұлы шақыртылды.

Арнайы мерекеге орай «Нұр Отан» партиясының Алғыс Хаттарымен университет ұжымы және үздік қызметкерлер марапатталды. Шара барысында концерттік бағадарлама қойылып, үздік, жоғарғы курс студенттері 1 курс білім алушыларына Білім кілтті салтанатты түрде табыстады. Биылғы оқу жылына  университетке  500 ден астам  студент 1 курсқа қабылданған, 150 шетелдік студент және университеттің жоғары колледжіне 295  студент, жоғары медициналық колледжіне  385 студент оқуға түсті. Жаңа оқу жылын «Болашақ» университеті сол жағалаудағы бой көтерген жаңа заманауи  кампуста бастауды жоспарлап отыр.