«Адалдық сағаты» өтті 02.09.2019

Енгізілді: 02.09.2019Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 1937 рет

Бүгін «Болашақ» университетінде  «1қыркүйек-Білім күні» мерекесіне орай профессор-оқытушылар мен студенттерге арналған бірыңғай «Адалдық сағаты» ұйымдастырылды. Бұл шара өскелең ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, отансүйгіштік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында Агенттіктің тікелей бастамасымен барлық білім беру ұйымдарында «Адалдық сағаты» өткізілді.  Шара барысында  Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа карсы іс қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа карсы кызмет) Кызылорда облысы бойынша департаментінің басшысының бірінші орынбасары Ниязов Бақытжан Мақсұтұлы арнайы әзірленген презентациялық материалдарды көрсете отырып, жастарға адалдық және парасаттылық құндылықтары, сыбайлас жемқорлықтың теріс салдарлары, олардың алды алу бойынша еліміздің жеткен жетістіктері туралы кеңінен түсіндірілу жұмыстарын жүргізді. «Адалдық сағаты» соңында университет ректоры Дәуренбеков Қуаныш Қойшығұлұлы қонағымызға алғысын білдіріп, әрі қарай осындай бағыттағы жұмыстар мен шараларды бірге жүзеге  асыруға шақырды.