Президент Жолдауын университет ұжымы онлайн тыңдады 02.09.2019 ж.

Енгізілді: 05.09.2019Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 1723 рет

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті К.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын «Болашақ»  университетінің ұжымы онлайн түрде тыңдады. Мемлекет басшысы Қазақстан жаңа тарихындағы маңызды белеске жақындап келе жатқанын атап өтті.

"Отыз жылға жуық уақыт бұрын халқымыз өзінің тәуелсіздігін жариялап, бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындады. Осы уақыт ішінде Қазақстанның тұңғыш президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен еліміз әлемдегі беделді әрі орнықты мемлекетке айналды. Баянды бірлігіміздің арқасында тәуелсіздігімізді нығайтып, халқымыздың жағдайын жақсартуға жол аштық. Бұл жасампаздық пен ілгерілеу бейбітшілік пен келісім кезеңі болды. Еліміздің даму жолын бүкіл әлем мойындап, қазақстандық, яғни Назарбаев моделі деп атады", - деді президент Қазақстан халқына жолдауында. Президент қазір Қазақстанды дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отырғанын айтты.

         Университет студенттері Президент Жолдауын жастар ресурстық орталығына барып тыңдады.