ФИТНЕС-ТАҢҒЫ АС!

Енгізілді: 10.09.2019Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 1842 рет

7 қыркүйек күні ҚР Тұнғыш Президенті саябағында "Жомарт" қоғамдық ұйымы мен "Болашақ" университеті арасындағы меморандумы және #onege2019 жобасы аясында "ФИТНЕС-ТАҢҒЫ АС"  шарасы ұйымдастырылды. Шараға
"Болашақ"  университетінің студенттері  қатысты. Мақсаты - жастарға салауатты өмір салтын насихаттау, бос уақыттарын тиімді өткізуге көмектесу, таза ауада фитнес -тренерлермен түрлі жаттығулар жасау, дұрыс тамақтануды үйрету және "Өнеге" жобасы аясында студенттерге отбасы құндылықтары, олардың қоғамдағы өзектілігі мен маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Сонымен қатар шараға психологтар, фитнес-тренерлер, әлеуметтік қызметкерлер келіп қатысты.Бүгінгі күн біздің  студенттер үшін өте қызықты, әсерлі және пайдалы болды!