Ынтымақтастық туралы меморандум жасалды 11.09.2019

Енгізілді: 12.09.2019Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 1739 рет

Бүгін «Болашақ» университеті және ҚР Ішкі істер министрлігі арасында ішкі істер органдарына кадрларды даярлу саласында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Меморандумның негізгі мақсаттары:

-профессорлық-оқытушы құрамдарын қайта даярлау және біліктіліг арттыруда өзара көмек көрсету;

-білім беру және ғылыми  - зерттеу бағдарламаларын жүзеге асыру;

-«Болашақ» университетінің жас мамандары және студенттері үшін Ішкі істер министрлігінің оқу орындарына және бөліністеріне кәсіптік бағдарлау экскурсияларын ұйымдастыру;

-«Болашақ» университетінің тұлектері арасында іріктеу жүргізу және оларды Ішкі істер минситрлігі білім беру ұйымдарының бастапқы даярлық курстарына ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес жіберу;

-Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарында бастапқы даярлық курстарына өту «Болашақ» университетінің түлектеріне кураторлық ұйымдастыру;

-конференциялар, семинарлар және дөңгелек үстелдер тағылымдамалар ұйымдастру.

Меморандум өзара ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік беретінін және алға қойылған мақсаттарды тиімді іске асыруға септігін тигізеді деп сенім білдіреміз.