Сот сараптамасы институтымен меморандум 12.09.2019

Енгізілді: 12.09.2019Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 1724 рет

Бүгін Қызылорда облысы бойынша сот сараптамасы институты мен «Болашақ» университеті арасындағы өзара қызметтік және ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Меморандумның негізгі мақсаттары:

- сот сараптамасы қызметінің ашықтығын, айқындылығын қамтамасыз ету;

- жаңа формациядағы заңгер кадрларын дайындау;

- оқуды үздік бітірген «Болашақ» университетінің түлектерін сот сараптамасы институтына жұмысқа орналастыруға тарту.

Бұл меморандум аясында «Болашақ» университеті Кәсіпкерлік, басқару, құқық кафедрасының «Құқықтану» мамандығының студенттерін Сот сараптама институт жұмысымен, тәжірибесімен,  материалдық-техникалық базасымен таныстыру, өндірістік және дипломалды практикадан өтуді ұйымдастыру жұмыстары жүргізілетін болады. 

Осы меморандум шеңберінде институт директоры Б.С.Ержанов, университет ректоры Қ.Қ.Дәуренбеков, заң ғылымдарының кандидаты М.М.Ахметов,  проректор М.Б.Базарханова,  кафедра меңгерушісі, з.ғ.к. Г.И.Аргинбенкова бәсекеге қабілетті, жаңа форматтағы заңгер кадрларды дайындау, жас мамандарды жұмыспен қамту және заманауи   деңгейге жоғарлатудың мақсаттарын айқындап, ынтымақтастық ниеттерін білдіріп, ортақ пікірге келді.