МАЙТАЛМАН АЙТЫСКЕР ҰЛБИКЕ ЖАНГЕЛДІҚЫЗЫНЫҢ 200 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ.

Енгізілді: 06.05.2025Қаралғаны: 4171 рет

МАЙТАЛМАН АЙТЫСКЕР ҰЛБИКЕ ЖАНГЕЛДІҚЫЗЫНЫҢ 200 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ.

 

Ағымдағы жылдың 6 мамырында Қызылорда «Болашақ» университетінің ұйымдастыруымен қазақтың әйгілі ақын қызы, майталман айтыскер Ұлбике Жангелдіқызының 200 жылдық мерейтойына орай жас ақындар айтысы болып өтті.

Шараға Қызылорда «Болашақ» университетінің, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің  білім алушылары қатысты.

Додаға төрелік еткен қазылар алқасының құрамында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі композитор Рамазан Тайманов, айтыстың ақтаңгері Нұрмат Мансұров, Ұлбике Жангелдіқызының бауыры, танымал қаржыгер Рахымберген Тоқсейтов болды.

Айтысты белгілі жырау, ҚР мәдениет қайраткері Берік Саймағанбетов жүргізді.

Ақындардың арасынан ерекше өнер көрсетіп, Ұлбике жайлы тың деректер мен қызықты мағлұматтарды тілге тиек ете білген Қызылорда «Болашақ» университетінің студенттері Бекзат Серіков 1-орынды, Қартбай Мейіржан  3-орынды және С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің білім алушысы Әмірхан Елдар 2-орынды  иемденді.     

Жеңімпаздар қаржылай сыйақымен марапатталды.