КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ

Енгізілді: 23.04.2025Қаралғаны: 4427 рет

КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ

      

       Кәсіби бағдар беру жұмысы бүгінгі күні ең көп талқыланатын тақырып және жиі көтерілетін өзекті сұрақтардың қатарында. Сол себепті қазіргі таңда түлектерге кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізіп, кеңес айту үлкен маңызға ие.
       «Жастар және тәрбие жұмысы» бөлімінің басшысы Е.А. Жұматаев бастаған Қызылорда «Болашақ» университеті кәсіби бағдар беру жұмыс тобының  мүшелері  Жаңақорған, Шиелі аудандарында болды.
      Кәсіптік бағдар беру жұмысының мақсаты – бітіруші түлектердің  университетті дұрыс таңдауына көмектесу.
       Мектеп оқушылары университетке түсудің жолдарымен, сондай-ақ, оқу орнының тарихымен, жетістіктерімен танысты.
       Шара соңында жоғары оқу орнының өкілдері жас талапкерлерге сәттілік тілеп, Қызылорда «Болашақ» университетін таңдауға шақырды.