Хабарландыру

Енгізілді: 03.10.2019Өзгертілді: 03.10.2019Қаралғаны: 1984 рет

Құрметті 1 курс студенттері!

 

Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті ГОСО №604, 31.10.2018ж.  стандартына сәйкес  Бакалавриатта оқу мерзімі меңгерілген академиялық кредиттер көлемімен анықталады. Бакалавриат бағдарламалары бойынша оқудың аяқталуының негізгі өлшемшарты білім алушының барлық оқу кезеңінде студенттің оқу әрекетінің барлық түрлерін қоса алғанда, кемінде 240 академиялық кредитті меңгеруі болып табылады.

 

Оcыған байланысты:

Сіздер 3 жылда академиялық кредиттер көлемін меңгеріп және жоғары білімнің бағдарламасын толығымен игеріп, жоғары білім туралы диплом алуға мүмкіндіктеріңіз бар екендігін хабарлаймыз! (6В01918-Дефектология, 6В07339-Құрылыс білім беру бағдарламаларынан басқасы)

 

Сонымен қатар, өз еріктерімен, екі семестрмен қатар (әр семестрде 30 кредит игерсе), жазғы уақытта 20 кредит игеріп, 3 жыл бойына жылына 80 кредит игеріп, оқуды аяқтауға мүмкіндік аласыздар. Бұл ретте жазғы семестрде 20 кредитті игеруде оқу ақысы қосымша әр кредитке есептелінетін болады.

Студенттерге қойылатын талаптар:

  1. Өтініш;
  2. Студенттің ата-анасының келісімі.

 

Өтініш 01.11.2019 күнге дейін Оқу бөлімінде (№ 204 кабинетте) қабылданады.

 

Толық ақпарат:

2 қазан сағат 14.00 де және 15 қазан сағат 14.00 де АКТ залда жиналыс кезінде ақпарат алуға болады.

 

 

ПровостАбжамиева Лаура Батырхановна

Оқу бөлімінің бастығы Тулепбергенова Ардақ Усенгазиевна

Университет сайты: www.bolashak-edu.kz

Саll-центр: 234515