Досманбетов Динар Бакбергенович

 

prorector Dosmanbetov

 

 

     Досманбетов Динар Бакбергенович

PhD – заң ғылымдары

Қызметі: Даму және экономикалық мәселелер жөніндегі проректор

Білімі: Докторантура – Dork University, АҚШ 2012 жыл

Бакалавр – Л.Н.Гумилев атындағы Евразиялық мемлекеттік университеті, 2001 жыл

Бакалавр – МЭСИ РФ, 2001 жыл

Оқу-ғылыми істері жөніндегі проректордың қызметтік міндеттері

1. Университеттің және сәйкесті құрылымдық бөлімшелердің оқу - әдістемелік, ғылыми-зерттеу, әкімшілік-шаруашылық қызметіне жетекшілік жасау.

2. Сәйкесті құрылымдық бөлімшелері қызметінің ағымдағы және перспективті жоспарлауын ұйымдастыру.

3. Мамандықтардың жұмыстық оқу жоспарларының және пәндердің жұмыстық бағдарламаларының орындалуын бақылау.

4. Құқықтық нормативтік актілерге сәйкес басшылығындағы бөлімшелердің оқу - әдістемелік қызметін жүргізуге қажетті барлық құжаттардың дайындалуына басшылық және бақылау жүргізу.

5. Оқу – тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру, әдістемелік жабдықтауды жүргізуге асыру және орындалуын бақылау.

6. Университет Ғылыми Кеңесінің, ректораттың және университет ғылыми - әдістемелік кеңесі отырыстарының материалдарын дайындауға бақылау жасау.

7. Университет қызметкерлерінің ынталандыру мен шара көру туралы ұсыныстар енгізеді.

8. Оқу жүктемесін, профессор – оқытушылар құрамымен оқу – көмекші қызметшілердің штаттық кестесін жоспарлауды бақылау.

9. Жеке, кафедралық және факультеттік жоспарлардың орындалу сапасын бақылау.

10. Оқу сабақтарының кестесін құру мен бекітуге, сынық – емтихан сесиясының өткізілуіне бақылау жасау, мемлекеттік аттестациялық комиссиясының жұмысын ұйымдастыру.

11. Лицензиялық талаптарға сәйкес оқулықтармен, оқу құралдарымен және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етуге жетекшілік жасау.

12. Кәсіптік бағдар беру және қабылдау комиссиясының жұмысына басшылық жасау.

13. Профессор-оқытушылар құрамынын, оқу-көмекші қызметшілерді аттестациялауды ұйымдастыру.

14. Ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін көтеруді бақылау.

15. Студенттердің оқу, педагогикалық, өндірістік практикаларын өткізуді бақылау.

16. Бітірушілердің жұмысқа орналасуына басшылық жасау.

17. Студенттер контингентінің қозғалысына, сәйкесті формадағы статистикалық есептердің жасалуына бақылау жасау.

18. Профессор-оқытушылар құрамының, оқу-көмекші қызметшілердің еңбек тәртібіне, студенттердің тәртібіне бақылау жасау.

19. Кафедралардың, факультеттердің және университеттің жарты жылдық және жылдық есептерінің уақтылы тапсырылуна бақылау жасау.

20. Оқу лабораториялары мен кабинеттерді приборлармен, құралдармен техникалық жабдықтауды ұйымдастыру мен бақылау.

21. Университет пен өндіріс жеке басқа оқу орындары арасындағы келісім-шарттардың орындалуына бақылау жасау.

22. Кафедралардың, факультеттердің ғылыми жұмыстарына жетекшілік және бақылау жасау.

23. Университет бойынша кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстар жоспарын жасау және жүзеге асыру.

24. Мамандықтар бойынша магистранттар дайындауға бақылау жасау.

25. Ғылыми-зерттеу тақырыптары бойынша шарушылық келісім-шарттар жасау, және оның орындалуын бақылау.

26. Ізденушілердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына басшылық және бақылау жасау.

27. Университет ғаламдарының нәтижелерін өндіріске және оқу процесіне енгізуге жағдай жасау.

28. Ғылыми конкурстарды, профессор-оқытушылар құрамының конференцияларын ұйымдастыру мен өткізу.

29. Студенттердің ғылыми конференцияларын, конкурстарын, көрмелерін ұйымдастыру.

30. Студенттерді белсенді ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту.

31. Еңбек қорғау, техника қауіпсіздігі мен қауіпсіз еңбек жағдайын жасау жөнінде заңнамалық және басқа нормативтік құқықтық актілердің талаптарын қадағалауға бақылау жүргізеді.

32. Ғылыми ақпараттар алмасуды ұйымдастыру және университеттің жыл сайынғы ғылыми-зерттеу жұмыстарының есебін дайындау.