Бақберген Сәрсенұлы Досманбетов

 

 

 

 

Бақберген Сәрсенұлы Досманбетов – «Болашақ» университетінің Ғылыми жетекшісі, экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі

Досманбетов Бақберген Сәрсенұлы 1945 жылы 21 қыркүйекте Қармақшы ауданы, Диірментөбе стансасында дүниеге келген. 1971 жылы Мәскеу мемлекеттік басқару институтын бітірген. Экономика ғылымдарының докторы, профессор. Макроэкономика, аймақтық экономика, статистика, демография салаларының маманы.Ресей жаратылыстану ғылымдары Академиясының, Халықаралық жоғары мектеп Академиясының, Қазақстан әлеуметтік ғылымдар Академиясының, Қазақстан инженерлер академиясының Академигі, Сеул Ұлттық Университетінің құрметті профессоры.

1991-96 жылдары Қызылорда педагогикалық институтының, Гуманитарлық Университетінің ректоры. 1996-1999 жж. Қызылорда қаласының әкімі, арнайы экономикалық аймақ Әкімшілік кеңесінің төрағасы. 1994-1996 жж. Облыстық мәслихаттың екі мәрте депутаты.

1999-2011 жылдары ҚР Парламенті Сенатының депутаты, экономика, бюджет және қаржы комитетінің хатшысы.

Бірнеше монографиялар мен ғылыми еңбектердің авторы. Монографиялары: «Население Казахстана», «Сүйем сені Сыр елі», «Ұстаным», «Демографическое развитие Казахстана», «Түркі халықтары» және т.б.

2 ғылым докторы және 10-ға жуық ғылым кандидаттарын тәрбиелеп шығарған ұстаз-ғалым. 2005 жылы «Құрмет», 2010 жылы «Парасат» ордендерімен, 4 медальдармен марапатталған.

2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ Президентінің кеңесшісі. 1995 жылдан бастап «Болашақ» университетінің Ғылыми жетекшісі.