ЗЕЙНЕТ ЖАСЫНДА ЗЕРДЕГЕ ТОҚИСЫҢ

Енгізілді: 30.04.2024Қаралғаны: 119 рет

       Қызылорда «Болашақ» университетінде «Күміс университет» немесе «Дәуірге даярлау университеті» жобасының іске қосылғандығы туралы желіге жариялағанбыз. Бұл қарттыққа бет алған азаматтардың ішкі мүмкіндіктері мен жаңаша қабілеттерін ашуға  көмектесетін әлеуметтік қызметтің инновациялық түрі болатын. 

       «Күміс университет» өз жұмысын төрт бағытта жүзеге асырып келеді. Олар: «Жасыл желек», «Компьютерлік сауаттылық»,  «Қаржылық сауаттылық» және  «Қазыналы қария»  курстары.  Әр курстың өзінше бағыты бар.  «Күміс университет» жобасының негізгі міндеттері – егде жастағы адамдардың заманауи өмірге сәтті бейімделуіне, өзін-өзі жетілдіруіне қолайлы жағдайлар жасау.  Зейнет жасында да зердеге тоқуға болатынына  «Жасыл желек» курсында оқып жатқан Жанәлиева Айман апаймен сұқбатта көзіміз жетті.

      Барша зейнет жасындағы азамматтарды «Болашақ» университеті жанындағы «Күміс университетке» оқуға шақырамыз. Қызылорда «Болашақ» университеті әрқашан халық сұранысын қанағаттандырады!