Қызылорда «Болашақ» университетінде 2024-2025 оқу жылының басталуына орай, «Білім шуағы» атты салтанатты жиын ұйымдастырылды.

Енгізілді: 01.09.2024Қаралғаны: 219 рет

      Қызылорда «Болашақ» университетінде 2024-2025 оқу жылының басталуына орай, «Білім шуағы» атты салтанатты жиын ұйымдастырылды.

      Университет Құрылтайшысы, құрметті қонақтар, профессор-оқытушылар құрамы, «Болашақ» жоғарғы колледжі, «Болашақ» жоғарғы медициналық колледжі ұжымдары мен білім алушылары қатысқан шара өз деңгейінде өтті.

  Алғашқы сөз кезегін алған Мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор, «Болашақ» университетінің Құрылтайшысы Бақберген Сәрсенұлы Досманбетов оқытушылар мен студенттерді білім күнімен құттықтап, өзінің шынайы қолдауын білдірді.    

  Белгілі қоғам қайраткері, тіл жанашыры Аңсат Сәдуақас ағамыз жаңа технологияның мүмкіндіктері жайлы, білім мен иновацияның артықшылықтары жайлы ой қозғады. Университет ректоры Өмірбек Үмбетұлы жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.