«Арнайы педагогика және психология» кафедрасының кезекті филиалы ашылды!

Енгізілді: 29.09.2024Қаралғаны: 44 рет

      Ағымдағы жылдың 29 тамызында Қызылорда «Болашақ»  университетінің «Арнайы педагогика және психология» кафедрасына қарасты 6В019 Арнайы педагогика мамандарын даярлау, 6В011 Педагогика және психология білім беру бағыттары бойынша кафедра филиалын ашуға «Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығы» КММ директоры Е.С. Қалымбетов пен Қызылорда «Болашақ» университетінің ректоры Ө. Үмбетов арасындағы өзара ынтымақтастық туралы келісім-шартқа қол қойылды.

      Кафедра филиалын құрудың мақсаты – білікті мамандарды даярлау, оқу процесінің практикалық бағытын күшейту, сондай-ақ, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу және олардың нәтижелерін тәжірибеге енгізу.

      Екі жақты серіктестік ортақ  мүмкіндіктерге жетелейді.