Жаңа оқу жылына – жаңа бастама!

Енгізілді: 29.08.2024Қаралғаны: 263 рет

      Тамыздың 28 жұлдызында Қызылорда облысы білім басқармасының  «№5 көру қабілеті бұзылған балалардың арнайы (түзету) мектеп-интернаты»  КММ директоры Ж.Т. Ахметов пен Қызылорда «Болашақ» университеті ЖШС ректоры У. Умбетов арасындағы өзара ынтымақтастық туралы құжатқа қол қойылды.

      Меморандумның мақсаты 6В019 Арнайы педагогика мамандарын даярлау, 6В011 Педагогика және психология білім беру бағыттары бойынша тәжірибе алмасу, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу болып табылады.

      Меморандумға отыру барысында келешекте атқарылатын бірқатар жұмыстар талқыланды.

#@5_mektepinternat