Бүгін Қызылорда «Болашақ» университетінде «Атом энергетикасы және бүгінгі ғылым: өзекті мәселелер мен даму мүмкіндіктері» тақырыбында ғалымдар мен сарапшылардың пікір алмасу бас қосуы болып өтті.

Енгізілді: 18.09.2024Қаралғаны: 253 рет

      Бүгін Қызылорда «Болашақ» университетінде «Атом энергетикасы және бүгінгі ғылым: өзекті мәселелер мен даму мүмкіндіктері» тақырыбында ғалымдар мен сарапшылардың пікір алмасу бас қосуы болып өтті. Жиында алғашқы сөзді университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Өмірбек Үмбетов алып, қазіргі ғылымның жетістігі, атомның пайдасы, реакторлардың қорғаныс жүйесінің жоғарғы мүмкіндігі туралы айтты. Университетіміздің энергетик ғалымы, техника ғылымдарының кандидаты Ғалымжан Бекзолдаұлы Құрманбаев та  атомның елімізге орасан зор пайдасы тұрғысында  ой өрбітіп, көптеген мысалдар келтірді. Университеттің оқытушы-профессорлар құрамы бүгінгі жиыннан ерекше ой түйіп тарқасты.