RECTOR APPEAL

РЕКТОРДЫҢ ҮНДЕУІ

 

Құрметті достар!

 

«Болашақ» университеті – қаламыздың сол жағалауында еңселі, заманауи үлгіде бой көтерген өңіріміздің алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орны.

Білім мен ғылым саласының дамуының негізгі басты бағыты – оның сапасы мен қолжетімділігі. Осы тұрғыда ширек ғасырдан астам тарихы бар Қызылорда «Болашақ» университеті жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту, бәсекеге қабілетті ортаны қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар атқаруда.

Бүгінгі күні «Болашақ» университеті Қызылорда қаласының сол жағалауында заман талаптарына сай жабдықталған жаңа Кампуста оқу-тәрбие жұмысын жүргізіп отыр.

Университеттің негізі 1995 жылы қаланған. Бүгінгі таңда университет жанында «Болашақ» жоғары колледжі және «Болашақ» жоғары медициналық колледжі де жұмыс жасайды. Университет пен жоғары колледждер институционалды және мамандандырылған аккредитациялардан өткен. Университет құрамында 2 жоғары мектеп, 8 кафедра қызмет атқарады.  45 бакалавриат және 6 магистратура білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлануда.

Студенттеріміздің бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуы мен олардың жеке басының шығармашылық дамуына барлық жағдай жасалған.

Университет студенттерінің, ПОҚ және қызметкерлерінің салауатты өмір салтына ерекше назар аударылады. Жыл сайын оқытушылар мен қызметкерлер спартакиадасы өткізіледі.

Студенттеріміз жыл сайын өткізілетін Республикалық студенттік пәндік олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға иеленіп жүр.

Университетте 10 әкім гранты, «Қазақстан халқына» қорының 10 гранты иегерлері білім алуда.

Биылғы оқу жылында «Болашақ» жоғары колледжіне 192 білім алушы грант негізінде оқуға қабылданса,  101 оқушы ақылы негізде оқуға түсті.

Ал, «Болашақ» жоғары медициналық   колледжіне  122 білім алушы  мемлекеттік  тапсырыс  (грант) негізінде білім алуға мүмкіндік алса,  272 білім алушы ақылы негізде оқуға қабылданды.

Тәжірибе жүргізу мен білімгерлермен алмасуда және заманауи халықаралық білім бағдарламаларын жүзеге асыруда әлемнің жетекші халықаралық жоғарғы оқу орындарымен ынтымақтастық орнатылған.

Қызылорда «Болашақ» университеті 2019 жылғы қаржы-шаруашылық саралау нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасы кәсіпорындары арасында  «Сала көшбасшысы 2019» номинациясында үздік ондыққа енді.

Сіздерді университетімізге шақырамыз! «Болашақ» университетіне қош келдіңіздер!

 

 

Құрметпен, «Болашақ» университетінің ректоры

Қайрат Бақберген